Шымкент қаласы білім басқармасы политехникалық колледжінің
«Электроника және ақпараттық жүйелер» ПБК-ның арнайы пән оқытушысы
Налибаев Мухтар Сансызбаевич
Тәрбие сағаты: «Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы»
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты
Әдісі: сыныпішілік
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде.)
Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.
1.Жүргізуші: Саламатсыздар ма ұстаздар мен оқушылар! Бірінші кезекте топ болып әнұранды орындап шығайық.(3 мин).
2.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.
Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу — заман талабы айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Енді осы тақырыпта баяндама оқылады,соған назар салайық:
3.Топ жетекшісі:
Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін мен ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсем деймін.
Бұл заң 10 тарау 53 баптан тұрады Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. Бұл заңның 3-тарауы. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқылы
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсызқалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету.
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
20-бап. Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
4.Жүргізуші: Енді бейнероликке назар салайық: (2 мин 20 сек)
5. «Халқымыздың ұлттық-құқықтық жүйесі» атты баяндаманы Шалыбай Мұсырман оқып берсін: (5 минут)
• Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған шет ел ойшылдары. Т. Гообс, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, т. б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Өз халқымыздың ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы xv ғасырдың орта шенінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық әдеп - ғұрыптармен, жүйелерді ала отырып, дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны « Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім ханға халық « Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Сонымен қатар Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың тұжырымдарын жасады.
• 1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
• 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.
• 1991 жылы 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
• 1993 жылы 15 қараша күні Президент Н. Ә. Назарбаев ҚР Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттілігіне сәйкес елімізде ұлттық валюта - теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.
• 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Қ. Р - ның Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Конституциямыздың 1 - бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30 - бап түгел - дей азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналды. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Н. Ә. Назарбаевтың «Егер біздің құқық идеялары салтанат құратын өркениетті қоғам орнықтырғымыз келетіні рас болса, онда әрбір азамат мектеп қабырғасында жүргенде — ақ құқықтың қарапайым есеп — қисапты білгеніміздей игеріп алуға тиісті».
6. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу — басты міндет-атты баяндаманы -Асанбек Барысхан оқып берсін. (4 мин)
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Оның төмендеуіне бірден бір себеп, білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілген жиналыстар мен тәрбиелік сабақтардың мәні бар лекциялардың үлесі екендігі белгілі.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретіні анық.
Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, колледж сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді.Сондықтан жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі екен.
Мысалы, түнгі уақытта рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 5 жас өспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде (компьютерлік клубта) заңды өкілінсіз жүргендері анықталып, олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсініңіздер.
Жүргізуші: Енді топ оқушылары дайындаған көрініске назар салайық:
Топ жетекшісі: Осы көрініске байланысты өз ой-пікірлеріңді айтыңыздар......................
№1.Ситуациялық жағдай
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт - деді. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген.
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді?
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқаны сөзі үшін жауап бере ме?
Дұрыс жауабы:
1. Бейсенкүл дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді.
2. Бейсенкүл ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық бұзушылық кодекісінің №129 статьясы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды.
№2. Ситуациялық жағдай
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады.
Сұрақ
1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?
Жауабы:
Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді.
Түйін сөз
Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ - жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары — ата-ана және колледждегі ата-анасы — ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп, оны дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, биылғы жастар жылында Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.
Ғани
Пайдама жарады, рахмет!