Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық ойын туралы не білеміз? В дыбысы мен әрпі

Ақмола облысы Целиноград ауданы
Қоянды орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Ердімұратқызы Алмагүл

САБАҚ: Сауат ашу

Мектеп: Қоянды орта мектебі

Тақырыбы:

Ұлттық ойын туралы не білемін? 

В дыбысы мен әрпі

Күні: 27.02.18

Мұғалімнің есімі: Ердімұратқызы Алмагүл

СЫНЫП: 1 «Б»

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: -

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 100 % оқушылар нені үйрену керек

Жаңа білімді меңгереді. В дыбысын дұрыс айтып, жаза алады.

Оқушылардың басым бөлігі: 4-5 оқитын оқушылар үйрену керек

Оқу түрлерін буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады. Дыбыс түрлерін ажырата алады. Қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді ажырата алады.

Кейбір оқушылар: қабілетті оқушылар.

Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қойып, жауап бере алады.

                Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: ойын –игра

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:ат жарысы туралы мәлімет беру. Өз ойларын сұрау.

 

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

 

Жазылым бойынша ұсыныстар:

 

Бағалау критерийлері

Сөздерді тұтастай оқиды.

Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Вагон, волейбол, паровоз, вазелин, вальс

Құндылықтарды дарыту

Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету. Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик, таныстырылым

Тілдік құзіреттілік

Велосипед,  a bike, автобус, bus

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

 

Үш тілде амандасу

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Шеңберге тұру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау.   

-Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай  әріппен таныстық? Ё

- Дыбыс дегеніміз не?

 -Әріп дегеніміз не?
 - Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?
 - Буын дегеніміз не? Шахтёр,монтёр сөзін буынға бөл
 - Ё қандай дыбыс? Оның басқа дыбыстардан қандай айырмашылығы бар?

Дескриптор:
  -  Дыбыс пен әріпті ажырата алады;
  -  Дыбыстардың екіге бөлінетінін біледі;
  -  Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың бір-бірінен айырмашылығын айтып бере алады;
  -  Сөздерді буынға дұрыс бөле алады;
  -  Ёё дыбысы дауысты дыбыс екенін біледі;

Балалар сендерге жұмбақ жасырайын.

 Жұмбақтар жасыру.

 1. Қосылса 1,3 арасы,

Қандай әріп қарашы? ( В )

2. Екі аяқты бір басты

 Жүгіреді тым қатты. ( Ве-ло-си-пед )

3. Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,

Қос сүрлеумен әрі бері жүр көшіп. ( Ва-гон )

4. Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр. ( Ав-то-бус ).

Балалар жұмбақтың шешуіндегі сөздерді бір сөзбен не деп атаймыз?

Бұл сөздердің ішіндегі қандай әріппен таныс емеспіз?

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

В дыбысы мен әрпін таныту жұмысы:
В әрпін көрсету: баспа және жазба түрі.

 Балалар мынау ненің суреті?
–  вагон сөзін  буынға бөлу        
–  В дыбысы – дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз.
–  Баспа түрі қай жерде кездеседі?Ал жазба ше?
–  В дыбысы 3 элементтен тұрады. В дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.

Қорытынды жасау:
В –дауыссыз дыбыс.Ол үш элементтен тұрады.Оқулықпен жұмыс.

Дескриптор: 

-  Әріпті таниды;
-  Дауыссыз дыбыс екенін біледі;
-  Дыбыспен сәйкестендіре алады;
-  В дыбысынан келетін сөздерді атай алады;

Ат жарысының суретін көрсету.

Ат жарысатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Көкпар дегеніміз не?

Бәйге ше?

Ат жарыс - көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойынының негізгі түрі. Қауымның мәртебесі мен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен бірге тай, құнан, жорға жарысы өткізу үрдіске айналған. Ертеректе аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала жүретін болған.

1.2.1.2  Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу)қолдану

1 тапсырма.  Оқылым. Сөздерді буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу.

Дескриптор:

 -  Сөздерді буындап оқи алады;
 -  жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады;

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

2 – тапсырма.  (Ұжымдық жұмыс)

Оқулықпен жұмыс.

Ат жарысының жеңімпаздарына берілген заттың не екенін жұмбақты шешу арқылы таба аласың.

               Үй ішінде – бөлме,

               Бөлме іші – көлде.

               Түрлі ұсақ балық

               Жүзді сайран салып.

  -  Жұмбақты хормен оқу.
  -  Жекелей оқыту, жатқа сұрау.

Дескриптор:

 -  Қарама-қарсы мағыналы сөздерді, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырата алады;
 -  Мәтінді буындап, тұтас оқи алады;
 -  Жұмбақтың шешуін таба алады;

Бағалау: смайлик арқылы.

Топтық тапсырма

1-топ: Сурет бойынша ат жарысын сипатта.

  - Бұл қандай ұлттық ойын?

  - Бұл ойын қай кезде ойнатылады?

  - Бәйге мен көкпардың айырмашылығы неде?

Дескриптор:

  -  Суретке ат жарысын сипаттай алады;
  -  Бәйге мен Көкпар ойындарының бір-бірінен айырмашылығын айтып бере алады;

2-топ: Көп нүктенің орнына төмендегі керекті сөздерді қойып жаз. Дыбыстық талдау жаса.

Дескпиптор:

 -  Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаза алады.
 -  Дыбыстық талдау жасай алады;

3-топ: В дыбысын топтастыру

Дескриптор:

  -  В дыбысынан келетін сөздерді атай алады;
  -  В дыбысынан келетін сөздерді жаза алады;
  -  Топтастырып көрсете алады;

Таныстырылым,

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аквариум

 

Суреттер, А3  ламинант,  кестелер

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

Сергіту сәті «Қара жорға»

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

3-тапсырма. (Жеке жұмыс)

Дәптермен жұмыс                                 

Дескриптор:

 -  Әріптерді жаза алады;
 -  Сөздерді бас әріппен жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қоя алады;

4-тапсырма. (топтық жұмыс)

Әр вагонға тиісті сөздерді орналастыру.

Эстафета, электровоз, эшелон, экипаж.

Волейбол, паровоз, вазелин, вокзал, вальс.

Дескриптор:

  -  Сөздерді оқи алады;
  -  Сөздерді буындық-дыбыстық талдау жасай алады;
  -  Әр вагонға тиісті сөздерді орналастыра алады;
  -  Әр топ қалаған бір сөзді таңдап алып сөйлем құрай алады;

Бағалау: смайлик арқылы.

Балалар бүгінгі сабақта не түсіндік?

Қандай әріппен таныстық?

Ат жарысы дегеніміз не?

Ұлттық ойын дегеніміз не?

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

Би билеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

 

 

 

 

Вагон суреті, стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Ұжымдық

Топтық

Жеке

  • Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

 

мадақтау

Смайлик

 

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

 

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандайболды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз