Нұр-Сұлтан қаласы
№72 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі
Мукатаева Айгуль Мауытхановна
Сабақ жоспары
Пән аты: Алгебра Сынып: 7
Оқулық авторлары: А.Е.Әбілқасымова, А.Абдиев, В.Е.Корчевский, З.Ә.Жұмағұлова. Алматы «Мектеп» 2017
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу, дәрежеге шығару (3 сағат).
Сабақтың мақсаты: Рационал бөлшектерді көбейту, дәрежеге келтіру және бөлу алгоритмімен танысады. Бөлшектерге амалдар қолдану бойынша білімдері жетіледі. Өздігінен тақырыпты меңгеруге талпындыру. Топпен жұмыс істеу дағдылары дамиды. Өзін-өзі объективті тұрғыда бағалауға үйренеді.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
Уақыт (мин) |
Кезеңдер: |
Мақсаты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
Сабақтағы көрнекіліктер |
Қолданылатын модуль |
4 |
Ұйымдастыру.
|
Оқушыларды сабаққа дайындау, сабақтың мақсат және міндеттерін анықтау. |
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды журналға белгілеу;сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Бағалау парағын үлестіру. Көңіл-күйлерін анықтау. |
Орындарынан тұрып амандасады, кезекші оқушы сынып оқушыларының сабаққа қатысуы туралы мәлімет береді. Мұғалім таратқан карточкалар арқылы топтарға бөлінеді. Бағалау критерийлерімен танысады. Топқа бөлінгеннен кейінгі көңіл-күйлерін тақтадағы смайликтер арқылы білдіреді. |
Өзін-өзі бағалау парақтары, үлестірмелі карточкалар, смайликтер, стикерлер. |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
|
6 |
Өткенді еске түсіру.
|
Тақырыпты дұрыс және жете түсiнгендiктерін анықтау. |
А)Үй жұмысын тексеру №480.
Ә)Интерактивті тақтада өткен тақырыпқа қатысты ӨЖ ашылады. Уақыт біткен соң жауабы көрсетіледі. |
А)көршісімен дәптерін ауысып тақтадағы жауаппен салыстырады. Ә)Әр оқушы мұғалім таратқан парақтарға өзіндік жұмысты орындайды. Әркім өз жұмысын тақтада көрсетілген жауаппен тексереді. |
Интерактивті тақта, есептер жинағы, бағалау парағы. |
АКТ. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Талантты және дарынды балаларды оқыту. |
12 |
Жаңа оқу материалын таныту. |
Хабарланатын ұғымдар, қасиеттердің бастысын ерекшелеу. Жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпқа шығу. |
-Қандай арифметикалық амалдарды білеміз? -Өткен тақырып қалай аталады? Ендеше, бүгінгі тақырып қалай аталуы мүмкін? Тақырып мәтінімен жұмыс: «Бүтін өрнек» тобы 1-мысалды, «Бөлшек өрнек» тобы 2-мысалды, «Рационал өрнек» 3-мысалды (133-бетте) талдайды.
|
Өз беттерімен тақырыпқа шығады, тақырыпты түсінуге тырысады.
Мұғалімнің көмегімен тақтаға орындайды. Дәптерге жазып алады. |
Оқулық, интербелсенді тақта, бағалау парағы. |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды балаларды оқыту. |
13 |
Бекіту. |
Топпен жұмыс істеуге дағыдландыру. Оқулықпен жұмыс. |
№376 (3,4,6, 135-бет) №377 (1, 136-бет)
|
Дәптерге, тақтаға орындау. |
Оқулық, интербелсенді тақта, бағалау парағы. |
Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
5 |
Рефлексия.
|
Алған білімді қысқаша қорытындылау; есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. |
«Сәйкестендіру» әдісін қолданамын. Тақтадағы бірнеше теңдіктің бір бөлігін екінші бөлігімен сәйкестендіру. |
Оқушылар интерактивті тақтада орындайды. |
Интербелсенді тақта. |
Сыни тұрғыдан ойлау. Оқытудағы басқару және көшбасшылық. |
2 |
Үй тапсырмасы туралы мәлімет. |
Үйге берілген тапсырма арқылы оқушылардың ББД-н дамыту, нығайту, жаңа ББД алуға дайындау. |
Үйге берілген тапсырманы оқушылар интербелсенді тақтадан көшіріп жазады. № 376 (1,2,5,7,8), 135-бет; Ережелерді оқып келу.
|
Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.
|
Күнделік, интербелсенді тақта.
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту. |
3
|
Бақылау және оқушылардың өзін-өзі бақылауы. |
Сабақты мақсатына жеткенін анықтау. Келешекке жоспар құру. |
Мұғалім оқушылардың суммативті бағаларын шығарады.
|
Оқушылар формативті бағаларынан қорытынды бағаны есептеп айтады. |
Бағалау критерийі, бағалау парағы. |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі