Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы
«№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы» КМҚК
денешынықтыру нұсқаушысы
Кудайкулова Замзагуль Кабланбековна
Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, бұл жарыста жас ұрпаққа адамның денсаулығының құндылығын, өмір сүру маңызды жоғары байлық екенін ұғындыру. Балалардың ептілігін, шыдамдылығын, сорттық шеберліктерін, мүмкіншіліктерін арттыру. Өз ұстамдары бар тәртібі үлгі болатындай белсенді топ дайындау. Ата - аналарды, балаларды дене шынықтыруға бейімдеу, патриоттық сезімдер қалыптастыру.
Әдіс тәсілдер — түсіндіру, көрсету, үйрету.
Қажетті құралдар: кегли (6-7шт ), доптар, құрсаулар, секірпелер, себет, кубиктер, эмблемалар, бөтелкенің қақпағы, құм салынған қалталар.
I-бөлім: Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, балалар, балабақша қызметкерлері бүгін біз «Әкем,анам және мен — спортшымыз шетінен» - деп аталатын отбасылық сорттық сайыс ұйымдастырып отырмыз. Қош кедіңіздер! Келіңіздер, келіңіздер. Бұл сайысты көріңіздер. Бізде бәрі жүйріктер, Күш сынасар алыптар. Олай болса, мен ортаға ойыншыларымызды шақырамын.
Сайыстың барысы: Бөлме сайысқа сай безендірілген ұрандар, балалар бөлмеге маршпен кіріп бір қатарға тұрады, олардан кейін ата-аналар кіріп, балаларға қарама - қарсы тұрады.
Тәрбиеші осы сайысқа баға беретін әділ қазылар алқасын тағайындайды. Дене шынықтыру керек бәрімізге,
Жаттығу ырғағы қосылады әніме.
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру-сырқауды жолатпайды тәнімізге.
Ал, қанекей бір-бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске» жетеміз - деп
Жалынды ұран бастаймыз.
«Жұлдыз» тобы мен «Күн» тобы бір - бірімен сәлемдеседі.
Жұлдыз тобы:
Шолпан жұлдыз,
Жарқыра, жарқыра.
Шынығып бәріміз,
Самғаймыз біз алға.
Күн тобы:
Күндей күліп
Жарқын дауыспен
Батыл болып
Сәттілікті тілейміз.
Тәрбиеші: Күн тобы оңға, жұлдыз тобы солға бұрылыңдар, жүріңдер.
Жәй жүреді, жүгіреді, аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай тізені бүгіп жүріңдер деп бұйырады. Екі топқа бөлініп тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.
II б: Жалпы дамыту жаттығулары (қара жорға әуенімен, ата-аналармен бірге).
1. Б.қ:қол белде, аяқ иық бой алшақ, басты оңға солға бұру(6 р)
2. Б.қ:тік тұру, қол белде, иықты кезек-кезек қозғалту(6 р).
3. Б.қ:аяқ бірге, қол кеудеде, бірінің үстіне бірін қойып, оңға, солға бұрыу.(6 р).
4. Б.қ:аяқ бірге,қолды жанға қойып, құстың қанатын жасау.
5. Б.қ:аяқ алшақ, қол арқада екі жаққа кезекпен иілу.
6. Б.қ:аяқ бірге, қол кеуде тұсында. Қолды алға созып, тізені сәл бүгіп отырып тұру (6 р).
7. Иілу (қаражорға элементтері)
8. Секіру, алға, артқа.
Тыныс алу жаттығулары:
ІІІ.б. Сайыс шарттары.
1. Эстафета: Балалар кеглидің арасымен допты домалатып апарып, қайта жүгіріп келу.
Аналар құрсауды кеглидің арасынан жүргізіп, қайтарда бір аяқпен қолды жоғары ұстап секіріп келеді.
Әкелер басына қалта қойып, кеглидің арасымен жүріп, қайтарда шаянның жүрісін көрсетеді.
2. Эстафета: «Кім жылдам»
Балалар құрсаудан-құрсауға секіреді, үлкендер әр құрсауды көтеріп, оны өзінен кигізіп еденге түсіреді.
3. Эстафета: «Қаздар аулау»
Кегли (қаздар) арақашықтықта қойылған. Барлық командадағы соғылған қаздар саны есептеледі.
4. Эстафета: «Бәйге»
Балалар доппен кубикке дейін секіріп айналып келеді.
Үлкендер секіртпемен секіріп кубикті айналып келеді.
5. Эстафета: «Иірмек жүгіріс»
Анасы, әкесі, баласы үшеуі құрсаудың ішінде тұрып, ирелеңдеп айналып келіп, құрсауды келесі ойыншыға береді.
6. Эстафета: «Құтылардың қақпашалары»
Құтылардың қақпақтарын балалар барып ашып келеді, үлкендер жауып орындарына келеді.
7. Эстафета: Әке мен ана төрттағандап тұрып,бірінің-үстінен бірі секіріп кубикке дейін барып қайтып келу.
8. Эстафета. «Күшік жаттығуы»
Үлкендер аяғын кең қойып жүреді, екі аяқтың ортасынан өтеді. Балалар орындықтың үстінде тұрады қайтарда үлкендер көтеріп әкеледі.
9. Эстафета. Ата-аналар бір-біріне қарама-қарсы тұрады, (ортада үрленген шар) кубикке дейін жүгіріп барып келеді.
10. «Шаңырақ жаса» Ленталарды құрсауға байлау.
Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті әділқазылар, сөз кезегі өздеріңізде (әділқазылар алқасы балалар мен ата-аналарды құттықтап марапаттайды)
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі