Өлең, жыр, ақындар

Тілашар — бастауыш баспалдағы

ШҚО Өскемен қаласы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» КММ
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Козыбаева Айнаш Урынбаевна

Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  4 «А», 4 «Б» сынып оқушыларының арасында өтілетін  
«Тілашар-бастауыш баспалдағы» атты шығармашылық сынақтың жоспары

Өтілетін күні: 2019 жылдың 15 мамыры     

Жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: А.У. Козыбаева

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сыныпта алған білімдерін сынақ түрінде бекіту.

Міндеті: Әртүрлі шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша тілдесім, оқылым, айтылым, сөйлесім, жазылым дағдыларын жетілдіру.

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Армысыздар құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар!

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Бүгінгі білімді, өнерлі, тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Бүгінгі күн біздер үшін өте қуанышты, өте ерекше күн! Бүгін біз бар өнерімізді, білімімізді ортаға саламыз. Бүгінгі  шығармашылық сынақта білім де, ән де, күй де шырқалады. Кешімізді әдемі бір өлеңмен бастасақ деп отырмыз.  

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Сонымен, оқушылардың білімін, өнерін, тапқырлығын анықтап әділ баға беретін №38 гимназиясының директоры Чернышева Инесса Александровна, қазақ тілі мұғалімі Аубакирова Нукетай Пайзулдиновна.

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Иә, балалар, барлығы біздің қолымызда, білімді, өнерлі, тапқыр оқушыларға не жетсін! Барлықтарыңа сәттілік тілейміз! (вместе)

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Бүгінгі 4 (төртінші) сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен шығармашылық сынағымыздың тақырыбы «Тілашар-бастауыш баспалдағы» деп аталады.

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Көріп отырғандай 4 (төртінші) Б сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отыр.

Әр топтың өз атаулары бар екен. Ендігі кезекте сөз кезегін топ оқушыларына берсек. 

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Ендеше ортаға 1-топ «Барыс» тобы келеді Біздің топ: «Барыс»

Біздің ұран:  

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі:  келесі  2- топ «..................» тобы келеді

Біздің топ:  «Жұлдыз»

Біздің ұран:

(ортаға 2-топ шығып өздерін таныстырады)  

2-жүргізуші: Ананьева Таисия:    келесі  3- топ «...................» тобы келеді 

Біздің топ: «Сұңқар»

Біздің ұран:

(ортаға 3-топ шығып өздерін таныстырады)  

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Міне, топтар өздерін таныстырып өтті, ендеше шығармашылық сынағымызды бастайық.

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: жарайсыңдар балалар, келесі өнер көрсететін оқушымыз Кузнецова Викторияның орындауында Абайдың  өлеңі.

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Ал сынағымызға оралайық. Келесі тапсырма «АТАҚТЫ СПОРТШЫЛАР» атты мәтінді мұқият тыңдаймыз. (Мәтін тыңдалады). Бұл топтық жұмыс, 1 топ Ермахан Ибрайымов, 2-топ Александр Винокуров, 3-топ Илья Ильин туралы мәтін жазып, қорғайды. 

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Жарайсыңдар, балалар! Екінші тапсырманы да жақсы орындадыңдар! Сынағымызды жалғастырамыз! Келесі өнер көрсететін оқушыларымыз көркем гимнастиканың шеберлері: Литвинова Любовь, Петрова Диана қарсы алыңыздар! 

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Ал, балалар келесі 3 тапсырмаға құлақ салайық. 3 – тапсырма «Мәнерлеп оқу» сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып Қазақтың атақты ақын-жазушыларының тақпақтарын, өлеңдерін  жатқа мәнерлеп оқып береді, Ендеше балалар, барлығыңа сәттілік тілейміз. Уақыт 1 минут беріледі.

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Ортамызда өнерлі балалар өте көп, келесі өнер көрсететін «Болашақ» тобы қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: міне, 4 тапсырмаға да кезек жетті, ол үй тапсырмасы, әр топқа сөздер беріледі, осы сөзді тез септеулерің керек, 2 минут беріледі (1-топ  АТАМЕКЕН, 2-топ ОТАН, 3-топ ӨЛКЕ).

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Келесі өнер көрсететін оқушыларымыз «Жолбарыс» тобының оқушыларының орындауында «Бауырсақ» мюзикл  қойылымы.

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Өте жақсы, балалар жарайсыңдар! Келесі тапсырмамыз күнделікті өмірімізде болып жатқан жағдаят туралы. 1-топ «Тіс дәрігерінде», 2-топ «Дүкенде», 3-топ «Аялдамада» атты қойылымдарын көрсетеді.

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: сонымен, 1-топ «Тіс дәрігерінде» қойылымы, қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: келесі 2-топ «Дүкенде» қойылымы, қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: 3-топ «Аялдамада» қойылымы, қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Ананьева Таисия: Жарайсыңдар, балалар! Осымен шығармашылық сынағымыздың аяғына да жеттік. Сөз кезегі қазақ тілі мұғалімі  Нукетай Пайзулдиновнаға беріледі

4Б сыныбының оқушыларына СЕРТИФИКАТ беріледі.

1-жүргізуші: Юсуп Асанәлі: Қәзір орнымыздан тұрып «Атамекен» әнін шырқайық.

Жүргізушілер: Юсуп Асанәлі  мен Ананьева Таисия бірге:  

Қош сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз