ШҚО Өскемен қаласы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы» КММ
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Козыбаева Айнаш Урынбаевна
3 «А», «Б» сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған сыныптан тыс шарасының жоспары.
Мақсаты: Оқушылардың өз Отанынан деген сый-құрметін, оқушыларды азаматтық және патриотизмге тәрбиелеуге үлес қосуды, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуды, мәдени дағдыларды жеткізуге қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, Елбасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздердің, Астана қаласының, Қазақстанның елордасы - Астана қаласының суреттері.
Қоңырау соғылды, Мұғалім сынып кірді, оқушылар орындарынан тұрып амандасады.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар: Сәлеметсізбе, мұғалім!
Мұғалім: жақсы балалар, орындарыңа отырыңдар. Балалар, бүгін біздің сабағымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналады. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толды. Еліміздің көк байрағы әрқашанда биіктен көрінсін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Қазір бәріміз орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайық.
Әнұран орыналады.
Бір кезде мұғалім байқамай «Маша мен Медведь» мультфильмінің музыкасын қосып қалады. Сыныпқа сиқырлы таяқша ұстаған Маша мен Медведь кіріп келеді.
Маша: «Ой, куда мы попали? Куда же мы попали? Люди, добрые помогите, Где же мы?» - деп айқайлап, жылап қоя береді.
Медведь: «Маша, что ты сделала, ты почему опять волшебную палочку использовала» - деп Машаға ұрсады.
Маша: «Ой, Мишка, прости меня, я даже незнаю что делать нам, и где находимся теперь? И волшебная палочка даже не работает?» - деп МАша жылайды.
Миша: «Да, Маша, мы даже незнаем где мы находимся, нам теперь придется просить помощи у этих ребят и учителей. Ну-ка дай, волшебную палочку, ой не работает» - дейді Миша.
Маша мен Медведь: Здравствуйте, дорогие учителя и ребята!
Оқушы Серкан: Здравствуйте, Маша мен Мишка, Добро пожаловать в Казахстан! Сейчас мы вам расскажем про нашу Родину!
Мұғалім: Ал, енді біздің сабағымызға келген қонақтар Маша мен Медведь қош келдіңіздер! Төрлетіңздер!
Оқушы Серкан: Ал, енді, тақтаға назар аударыңыздар!
1-слайд. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, егеменді, көпұлтты мемлекет.
Оқушылар өздерінің дайындаған Отан туралы тақпақтарын тақтаға шығып орындайды
2-слайд. Қазақстан Республикасының елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
3-слайд. Қазақстан Республикасының өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
Рәміздер туралы тақпақтар, рәміздер туралы айтады.
4-слайд. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
5-слайд. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы -теңге.
6 – слайд. Еліміздің елордасы – Астана қаласы. Астана жер бетіндегі ең сұлу, әсем қала.
7 – слайд. Қазақстан бай мемлекет. Қазақстанда пайдалы қазбалар көп.
8-слайд. Қазақстанның табиғаты сұлу. Таулары биік, өзен-көлдері таза, мөлдір.
Мен Отанымды жақсы көремін.
«Біз балалар-Отанымыздың гүліміз» атты би көрсетіледі
Отан туралы мақал-мәтілдер айтылады.
Маша: Ой как красиво, какие красивые, талантливые, хорошие дети, какая страна дружная, Ребята мы тоже очень любим нашу страну! А вот я тоже знаю Пословицы поговорки про Родину!
Маша орыс тілінде «Отан» туралы мақал-мәтел айтады.
Мұғалім: Ал, балалар Маша қандай жақсы, ал сендер білесіңдер ме «Отан» туралы мақал-мәтелдер. Оқушылар «Отан» тақырыбына мақал-мәтелдерді айтады.
«Викториналық сұрақтарға жауап беру.
Соңында «Біз бақытты баламыз!» әні шырқалады.
Мұғалім: Ал, құрметті Ресей елінен келген қонақтар Маша мен Аю, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Маша: да, мне в Казахстане очень понравилась, здесь люди живут дружно, у вас одна судьба, одна страна, одна родина! А, какие дети у вас талантливые, образованные, дружные!
Аю: Да, мне тоже очень понравился здесь, Мы гости из России от души поздравляем вас с государственным праздником с днем Независимости Республики Казахстан! Будьте счастливы и живите в мире и согласии добрый и независимый Казахстанский народ!
Оқушы _______: Маша, Аю мы тоже очень рады видеть вас в жизни и вам тоже спасибо, что именно ваша волшебная палочка указала вам дорогу в нашу Родину Казахстан!
Мұғалім мен _________: Ал, енді Аю мен Маша сендерге көп рахмет! Сау болыңдар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі