ОҚО "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі Сейдахметова Айнур Серикбаевна
Тәрбие сағатының мақсаты:
Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырығы, оқу — инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынысын оқушылырға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет, презентациялық көрініс.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы — білім мен ұғым» Ж.Баласағұни.
Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев
Маған мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин.
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол — кемел ұстаз. К.Д. Ушинский
Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо
Мұғалімділік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырғы мол рухани жан дүние үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылды.В.А. Сухомлинский.
«Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер, білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар Ы. Алтынсарин
М — Мейірімді
Ұ - Ұлағатты
Ғ — Ғазиз
А - Ақылды
Л - Лайықты
І - Іскер
М — Маман
Музыка ойнайды оқушылар Вальс билеп шығады.
І- жүргізуші:
Армысыздар, Ұстаздар — әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би де билеп, әнде бүгін шырқалад.
ІІ- жүргізуші:
Ұстазым — саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін
Бүгінгі мереке күніңе
Сәл ғана құрметім бұл менің.
Құрметті ұстаздар, ата -аналар мен оқушылар 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
І-жүргізуші:
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай , шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
ІІ-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге : Мерекелеріңіз құтты болсын. !
І-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Сапаркүл? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық — өнер, тағлымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек .
ІІ-жүргізуші: Мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы-
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу — бұл нағыз шеберлік емес?!
Балалардың жаттауы:
Ұстаздар туралы қаншама мақтау сө айтсақ та тауса алмаспыз.
Ендеше , қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең шумақтарына кезек берелік.
Ұлданайдың орындайында: «Ұстазым!» әні
Көрініс: «Все професии хорошии»
І — жүргізуші. «Ұстаз» ұлағатты есім . Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Нурпейсова Әмина Қайратқызы
І — жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы — ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздыққызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мекбіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
4 қонаққа сұрақ: «Ұстаз —мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
Тамашалағандарыңызға рахмет!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі