Өлең, жыр, ақындар

Бала – жүрек жылуы,адамзат қуанышы

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.

 Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрғантренингтің тақырыбы: «Бала – жүрек жылуы,адамзат қуанышы» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі  отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты  өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық. «Ата-ана – бәйтерек, бала-жапырақ» деген қазақта дана сөз бар.

  1. Бәйтерек өз тамырынан қоректі заттар алып, оны жапырақтарына береді. Жақсы ата – анада бәйтерек сияқты. Отбасында бала не көріп, не істесе, соны бойына сіңіреді. Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - өз отбасы демекші, қазір Сіздермен «Өрмекшінің торы»  деген танысу жаттығуын жүргізейік.
    «Танысу» жаттығуы. «Өрмекші торы».

Мақсаты: Ата-аналардың қарым-қатынасын нығайту.

Психолог: Бүгін мен сіздермен бала тәрбиесі жөнінде тәжірибе алмасуға келдім. Себебі, әр отбасының өзінің ережесі, белгілі бір қағидасы болады сол жөнінде сіздерге айттарым, ойын арқылы бөлісе отырайық.

Алдымен маған көңіл-күйлеріңіз қандай, айтыңыздаршы?

Көңіл-күйіміз жақсы болса, онда кеттік бәріміз ортаға шеңбер құрып бала тәрбиесі жайлы бөлісе отырайық. (Ата-аналармен шеңберге тұрады)

Менің қолымда тоқыма жіп, осы жіптің бір ұшын саусағымызға ұстап отыра баламызды қалай тәрбиелеп отырмыз қысқа-нұсқа  айта бөлісейік. (Жіпті қарама- қарсы бір-біріне лақтырып отырады)

(Психолог өзінен бастайды) Менің атым Айдана. Менің 1 қызым бар, қызыма үнемі болашақта жар болатынын, бәрін үйреніп білгенің өзіңе жақсы деп, әрдайым көрсетіп, айтып отырамын.

(Ең соңында: Ата-аналар айтып болған соң, жіптен өрмекшінің торы шығады.)

Құрметті ата-аналар қараңыздаршы бізде өрмекшінің торы шықты, қаншама тәрбие жөнінде өзімізге кішкентай болса да тәжірибе алмастық.

Осы тор тәрізді сіздердің балаларыңызға тілерім қанаттары талмасын, өмірлері ұзақ болсын, оқудан үміттері үзілмесін демекпін.

  1. Ата - аналарға сауалнама тест тарату.

«Сіз қандай ата-анасыз?» тесті

Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

  1. Саған қанша рет қайталап айтамын? (2-ұпай)
  2. Маған ақылыңды айта қойшы. (1-ұпай)
  3. Мен сенсіз не істер едім? (1-ұпай)
  4. Сонша кімге тартқансың? (2-ұпай)
  5. Сенің достарың қандай тамаша! (1-ұпай)
  6. Туу, ұқсағансың…. (2-ұпай)
  7. Мен сендей кезімде… (2-ұпай)
  8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой. (1-ұпай)
  9. Сенің достарың өзі қандай адамдар? (2-ұпай)
  10. Сен тегі не ойлап жүрсің? (2-ұпай)
  11. Сен менің ақылшымсың. (1-ұпай)
  12. Ұлым, қызым! Сен қалай ойлайсың? (1-ұпай)
  13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен… (2-ұпай)
  14. Сен қандай ойлап тапқышсың?! (1-ұпай)

Енді жалпы ұпайды санап, қорытындылаңыз.Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді, сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға беріліп отыр.

Кілті:

7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды.

 

9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен, сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.

 

11-14 ұпай: Сіздің балаңызбек қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның ашулануына, балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

  1. «Мұнара» ойыны
  2. Видеоролик. «Тәрбие отбасынан басталады».
  3. Видеоролик «Бала тәрбиесінде жіберілетін кемшіліктер».


6. «Қызықты сұрақтар» айдары (қайта шеңбер құрып доп беру арқылы, ата-анаға сұрақтар қою.Допты бере отырып сұрақ арқылы жауап алу.)

1.Балаңыздың сәби күнінен қызықты сәт?                                                                                                                             2Балаңызды не деп еркелетесіз?

3.Балаңыздың аяқ киімінің  өлшемі қандай ?

4.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

5.Балаңыздың мінез-құлқы көңіліңізден шыға ма?

6.Балаңыз үйдегі шаруаны ойыңыздағыдай орындай ма?

7.Балаңызға қатты ренжіген кезіңіз болды ма?

8.Балаңыз сізге келіп мен осындай қызды ұнатамын, менің ерекше сыйлық жасауым керек десе не істейсіз?

9.Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

Жауаптарыңызға рахмет.

7. Құрметті ата-аналар, енді сіздерге тәрбие жайлы аңыз әңгіме оқып берейін:

Қожанасыр бабамызды біз әзілкеш, қалжыңбас ретінде танимыз. Ал негізінде ол үлкен әулие кісі болған деседі. Оған халық жанына ғана емес тәніне, дертіне дауа іздеп келеді екен.

Бірде ол кісіге бір келіншек кішкентай ұлын алып келіпті. Баласының кесек топыраққа жаны құмар екенін айтып, дауа сұрапты. Кесек жемесе тұра алмайды, уйдің қабырғаларын , даланың кез-келген лас жерін қазып жей береді екен. Сонда Қожанасыр атамыз біраз ойланып отырып:

«Ұлыңызды тура бір айдан соң әкеліңіз, сонда ғана жазып бере аламын- депті.»

 Келіншек қуанып, алғысын айтып шығып кетіпті. Арада бір ай өтіп жаңағы келіншек атамызға тағы келіпті. Қожанасырдың алдына баласын отырғызып, емдік шараларын күтіп отырған екен,

Қожанасыр балаға қарап:

«-Балам кесек топырақ жеме- депті.»

 Сонда ашуға бұлыққан келіншек:

« -Бір ай бойы күттірмей ақ сол кезде осы сөзді айта салмадыңыз ба»

-дегенде атамыз:  

« -Қызым бір ай бұрын мен де кесек топырақты жейтін едім. Өзім жегенде балаға «Сен жеме» деп айтуға дәтім қалай барсын. Содан сендер келген күннен бастап топырақ жеуді қойдым, бір ай бойы ағзамды соған үйрендім. Біреудің көзіндегі шөпті алмас бұрын, өзіңнің көзіңді қурайдан тазартып ал деген бар емес пе? -деген екен.»

 Келіншек оның данышпан кісі екеніне көзі жетіп, кешірім сұраған екен.

8. Релаксация.

9. «Сиқырлы сандықша» тренингі
 

Енді тренингіміз аяқталуға жақын қалды «Жүректен-жүрекке» жылы лебімізді білдірейік.

Психолог: «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін мына тәттілерді бір-бірімізге тілек айта отырып таратайық.

 

Қорытынды: Құрметті ата-аналар бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса отбасыңызда балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге ат салысайық.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

  • «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
  • Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
  • А.С.Макаренко

Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге ат салысайық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер