Өлең, жыр, ақындар

Жақсы көңіл-күй — жан азығы

ЖШС «Балбөбек -2014» балабақшасы
Психолог: Елембаева Акку Асқаровна

Мақсаты: педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, позитивті көңіл-күй сыйлау, өзін құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Ойымызды ашық айтамыз
Бір–бірімізді тыңдаймыз
Бір–бірлеп сөйлейміз
Белсене қатысамыз
Бір–бірімізге сый көрсетеміз

Көрнекіліктер: бейнеролик, стакан, жіп, қағаз, қаламдар. 

Бұл әлеуметтік-психологиялық тренинг, оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылады. Қарапайым тілде айтқанда, бұл бірге жұмыс істейтін адамдарға қарым-қатынастарын жақсартуға және нәтижесінде ұжымның жұмысы тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бірыңғай мақсат және жеңіп шығу игілігіне командалық жұмыс идеясы спорттан алынды және жетістікпен тек бизнесте ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарда да орын тапты.

— Ашық әңгімелесу
— Белсенді болу және әзілдесе білу
— Өз еркімен қатысу
— Осы жерде және дәл қазір
— Менің қолымнан келеді.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер бүгінгі тренинг-тимбилдингке белсене ат салысуға шақырамын.

1. Оқу жылының басталуымен құттықтау. Бір біріне жақсы тілектер айту.

2. Жіптік курс «Өткел» Сопақша қылып жерге тастаған жіптің екі жағынан қол ұстасып өту.
Жұптасу. Би тәрбиешілер айналып билеп жүреді мен бір сан айтқанда сол сан бойынша жұптасып қалады.

3. «Орныңды тап» тимбилдинг (жануарларды сипаттайды). Психологиялық мәні: қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, психологиялық денсаулығын қорғау. Шарты: тек белгіленген сандардың үстімен ғана жүресіз, еденді басуға қатаң тыйым салынады. Белгіленген сандардың артында жануарлардың атауы жазылып тұрады. Сол жануарларды сипаттап береді. Өзге қатысушылар қандай жануар екенін табуы керек.  

4. «Сеніп құлау» жаттығуы. Мақсаты: Сенімділікті және топтың тұтастығын арттыру. Бір адам құлайды, қалған адамдар оны тосып алады. Құлаған адам көзін жұмып еркін құлауы қажет.

5. «Мұнара» жіптік курс техникасы. Мақсаты: ұйымшылдық және ынтымақтастық сезімдерінің артуы; Қызметкерлерді жұмысқа, шығармашылыққа шабыттандыру үшін тынығу және көңіл көтеру; Қызметкерлер арасында командалық және әрекеттестік үдерістің дамуы.

6. «Хи – ха – хо» жаттығуы. Мақсаты: бойдағы жағымсыз эмоциядан арылу. Шарты: шеңбер бойы бір-бірінің белдерінен ұстап тұрады. «ХИ» дегенде алға еңкейіп, «ХА»дегенде артқа шалқайып, «ХО»дегенде алға қарай еңкею керек.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Әр күн сайын жанымызды жадыратар, көңіл-күйімізді көтеретін жылы сөздер айтып жүрсек, жағымсыз энергиядан, нашар көңіл-күйден құтыламыз. Сол себепті әрқашанда бір-бірімізді жақсы көрейік. Бүгінгі күнге сәттілік тілеймін.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз