Өлең, жыр, ақындар

Тіл тарихы - терең мұхит

О.Қ.О  Қаратау ауданы

Таскен тұрғын алабы

№103 ЖОМ

Сыныбы:5 «А»

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:  Касимова Айнура Ильясовна

Тақырыбы: Тіл тарихы- терең мұхит

Сабақтың мақсаты:   

Білімділік:  Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтере отырып, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып  қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін түсіндіру. Тілдің қадір-қасиетін түсіне білуге баулу.

Дамытушылық:  Ойлау, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерін халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын көрсете үйрету.

Тәрбиелік:  Оқушылардың халқына деген, еліне деген махаббатын, сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:  плакаттар

Сабақтың барысы:

1.  Ұйымдастыру:

Тіл халық тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

Ана тілі – бұл атаңның  тілі, анаңның тілі, туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден  қастерлеп, құрметтеп үйрене бастаймыз.  Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен  өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құблыс атаулары, көрген-білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары ойы, сезімі бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.

Балалар құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

 Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,

Жастарды имандылыққа әзірлейік.

 

Тәрбиемен білімді тең игерген,

Болашағы қазақтың деп білейік,- дей отыра рухани өнегелік сайыс кешімізді бастаймыз. Бүгінгі өткізгелі отырған «Ана тілім—ажарым» тақырыбындағытәрбие сағатымыз  тілдер мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге  деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз!

 Оқушыларды бүгінгі өтатін   байқаудың шарттарымен таныстыру.

1-байқау:     «Таныстыру»

 1.    «Бірлік»  тобы

Ұраны:   Пайда ойлама, ар ойла,

             Талап қыл артық білуге. 

2.»Ынтымақ» тобы

Ұраны:  Білекті бірді,  білімді мыңды жығар.

2-байқау:  «Ана тілі- жүрек үні».

Шарты: Екі топ ана тілі туралы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Сергіту сәті: «Қамшы биі»  Орындаушы: Турсунқулов Биболат.

 

3-байқау: «Ойлан тап»

«Мақал айтсаң жол көрсетесің,

Мәтел айтсаң –жанымды жайландырады»

 Шарты: Мына үзік-үзік сөздерден мақал-мәтел құрастырыңдар.

 

4-байқау: «Сен білесің бе?» 

1.Тіл мерекесі қай күні аталып өтіледі?(22-қыркүйек)

2. Әдеби тіл түрлерін атаңыз?(ауызша-жазбаша)

3. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?(1992)

4. Тіл саясаты туралы  тұжырымдаманы қай жылы қабылдады? (1996)

5. ҚР Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды? (1992)

6. Тіл туралы Заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (6-тарау,  27баптан)

7. Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. /Өлеңнің авторыкім?   (С. Торайғыров.)

8. Қазақ тілі  қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)

9.Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы туралы өлеңдерін ата және біршумағын айт?

10.Абайдың бес асыл ісін ата?

Сергіту сәті:Ән  «Қазақстан»  Иман Сымбат.             

 

5-байқау   «Мақал- сөз атасы»            

Шарты: Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.

  1. Қар жана ма?  (Қалауын тапсаң қар жанар.)
  2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
  3. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны- амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық.)
  4. Қарғыстың жаманы не? (Өзің білме , білгеннің тілін алма.)
  5. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас.)
  6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді.)
  7. Үй жылы ма, дала ма? (Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы.)

6-байқау.          «Тіл құдіреті»

Тіл туралы атақты адамдардың нақыл сөздері.

 

7-байқау.   «Тапқыр достар»

Шарты: Жұмбақ қойылады, шешуін тауып, шешуіне мақал құрайды.

 

8-байқау.    « Дәстүрді сыйлаған озар

 Шарты:      Сұрақтарға жауап беру»  

Сергіту сәті:  «Тіл туралы тақпақтар»

 

9-байқау. «Жаңылма» 

Берілген тақырып бойынша мақал айту.

«Білім»  «Кітап»   «Сөз»   «Дос»  «Ата»  «Тіл»  «Тазалық»  «Еңбек»  «Жеті»

 

«Концерттік бағдарлама»

 

Туған тілде сыры терең жаным  бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім- жүрек үнім наныңдар.

Нанбасаң дар жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Әділ қазы алқалары екі топтың ұпай санын санап, жеңген топты анықтап береді. Жеңген топты марапаттайды.

 

           


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз