Өлең, жыр, ақындар

Өнеге - отбасынан

Нұр-Сұлтан қаласы, №81 «Astana English School» мамандандырылған  гимназиясының 

 педагог-психологі Нургазина Мадина Оралхановна


Сынып: 5 «Ә»                                                                       

Тақырып: Өнеге - отбасынан

Құндылық: бақыт

Қасиеттер: сыйластық, татулық, бірлік, адамгершілік, инабаттылық

Мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру. 

1. Білімділік: 

Отбасындағы қарым-қатынас туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;

2. Дамытушылық: 

оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту.

3. Тәрбиелік:

жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (Құралдар: қайшы, желім, флипчат, бейнеролик, тапсырмалар,)

Сабақ барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут)

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Топқа бөлу (конфет арқылы үш топқа бөлінеді). 

- Тақырыппен, топ ережесімен таныстыру

• Тыныштық сақтау;

• Белсендіқатысу;

• Бірін-бірі тыңдау;

• Ойын ашық айту;

• Бір-бірінсынамау;

• Бірігіпжұмысістеу.

Сабақтың дәйексөзі(3 мин)

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. 

Нұрсұлтан Назарбаев

• Дәйексөзі оқып, мағынасы түсіндіріліп, оқушылардың ой-пікірі сұралады.

«Ағаш астау» бейнеролик(10 мин). 

Бейне роликті көру ұсынылады. Роликті көріп болған соң әр топқа талдау сұрақтары беріледі.

І – топ: 

• Баланың ата-анасына арнап ағаш астау жасауының себебі неде деп ойлайсыңдар?

• Баланың іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар?

ІІ – топ:

• Қарияның келіні не себепті баласы ағаш астау сыйлағанда шошып кетті?

• Қарияның ұлының әкесіне осындай қарым – қатынас жасауы дұрыс па?

ІІІ – топ: 

• Мұндай әрекетті болдырмау үшін не істеу керек?

• Бұл отбасынасыйластықта, татулықта өмір сүру үшін не жетіспейді?

Жақсылық жасайық (10 минут)

Тапсырма 

Әр топқа «Бақытты отбасы» тақырыбында коллаж жасау ұсынылады. Тапсырманы орындауға қажетті құралдар таратылады. Тапсырманы орындап болған соң әр топ өз постерларын таныстырады. 

Сергіту сәті (3 минут)

«Бейнені келтір» ойыны.

Нұсқау: Қазір мен сіздерге не айтсам, соны келтіруге тырысамыз. Мысалы: «сайқымазақ» (клоуын) дегенде сайқымазақты бет мимикалары, қол қимылдары арқылы келтіру, «поезд» дегенде аяғымызды тарсылдатамыз, аузымызға ауа толтырып, поездің дауысын келтіре отырып, ауаны сыртқа шығарамыз,  «жел» дегенде қолымызды көтеріп, теңселеміз, «бұршақ» дегенде бір-біріміздің арқамыздан ақырындап, саусақтарымызбен массаж жасаймыз. Ал, қанекей бастайық!

Жаңаны білеміз (5 минут) 

Отбасы – адамның рухани тірегі. Отбасының бақытты болу үшін сен де өз үлесіңді қосуың тиіс: ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойыңа сіңіріп, қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат болып өсуге ұмтылуың керек. Сен – өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесісің. Күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынас барысында өмірдегі түрлі жағдайларда өзіңді қалай ұстауды, адамгершілік әліпесін игересің, атап айтқанда, мейірімді, кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайсың. 

Менің түйгенім... (3 минут)

Оқушылар сабақтан әлған әсерлерімен, түйген ойларымен бөліседі. 

Жүректен жүрекке (3 минут)

Оқушылар өз ата-аналарына бақытты болсын деп бір-бір ауыз жүрек жарды тілектерін айтады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз