Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының №6 мектеп лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Айнур Изтургановна
Байқаудың тақырыбы: «Абай – дана, Абай - дара»
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Байқаудың әдіс-тәсілдері: іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.
Байқаудың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка
Байқаудың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа алдын - ала дайындық.
Жүргізуші:
Абай – дана, Абай – дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге
Абай теңдес ақын болмас қазақта.
Мектебімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» -атты Абай оқулары байқауына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа мектебіміздің 4 сынып оқушылары сынасады. Енді ортаға сайысқа қатысушы жас достарымызды шақырайық.
1) Кусмангалиева Камила 4 «а»
Камила біздің ақылды,
Болғын бізге шамшырақ.
Әлемге сен атыңды
Жарқырат, қызым, жарқырат.
2) Хусаинова Алмагүл 4 «б»
Адамдық борыш ар үшін,
Елдің мына қамы үшін.
Алмагүл үлес қосқайсың
Болашақ елдің таңы үшін.
3) Тулемисова Жангүлім 4 «а»
Әрбір тілде адамдарды таң қылып,
Сөйлей білу ақылдыға заңдылық.
Болсаң дағы Жангүлім біздің еркеміз,
Жұлдызы бол өз халқынның мәңгілік.
4) Хасенова Снежана 4 «б»
Лаула, қызым, Снежана, сен де жарқыра,
Пайдаң тисін қазақ деген халқына.
Ақылды, ару қыз болып өскейсін
Дәріптейтін ата-баба салтын да.
Байқау кезеңдері:
1-кезең:«Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы»
2-кезең: «Сұрақ - жауап»
3-кезең: «Жүйріктен жүйрік озар»
4-кезең: «Абай жолы»
Жүргізуші: Сайыскерлерді әділ бағалайтын әділқазылармен танысайық
Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Абайдың өлеңдерін жатқа айтыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Сайыскерлер аянбай ақ жан салыпты.
1-кезең: «Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы» - атты сайыста Ақынның бір немесе бірнеше өлеңін жатқа мәнерлеп оқу. (3-4 минут)
Жүргізуші: Ал, балалар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма мен қоямын сұрақтар көп
Жауап берсеңдер сұрақтарға, жарайсыңдар!
2-кезең: «Сұрақ - жауап» Оқушылардың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қаншалықты білетіні тексеріледі.
(3-4 минут)
1. Абайдың үлкен әкесінің аты (атасының) кім?
а) Өскенбай +
ә) Бөкенбай
б) Қарасай
в) Құнанбай
2. Абайдың әке-шешесі?
А) Өскенбай, Зере
ә) Құнанбай, Ұлжан +
б) Құдайберді, Айғыз
в) Ибраһим, Ділдә
3. Жеңгелерінің Абайға қойған аты:
а) Желғара
ә) Селғара
б) Телғара +
в) Белғара
4. Абайдың шын аты
а) Абай
ә) Ибраһим +
б) Құнанбай
в) Ахмет Риза
5. Абайдың руы кім?
а) Арғын
ә) Шекті
б) Тобықты +
в) Найман
6) Абайдың неше қара сөзі бар?
а) 44
ә) 46
б) 45
в) 42
7. Абай қай жылы дүниеден өтті?
а) 6 маусым 1904
ә) 16 шілде 1905
б) 6 шілде 1904 +
в) 6 тамыз 1905
8. Абай «адам болам» деген жасөспірімге ашыла сырласқан өлеңі:
а) «Ғылым таппай мақтанба» +
ә) «Өлең-сөздің патшасы»
Б) «Сегіз аяқ»
В) «Жазғытұры»
9. Ауылдың тамаша табиғатын көркемдеген әні:
А) «Көзімнің қарасы»
ә) «Желсіз түнде жарық ай» +
б) «Қараңғы түнде тау қалғып»
в) «Айттым сәлем, қалам қас»
10. Абайдың афоризмін жалғастыр « Пайда ойлама, ….»
А) өзінді ойла
ә) өмірді ойла
б) тамағыңды ойла
в) ар ойла +
Жүргізуші: Асықпаймыз, саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден,
Қара сөзді құраймыз.
3-кезең: «Жүйріктен жүйрік озар» Берілген әріптерден Абайдың өлеңін құрастыру. Сол өлеңді жатқа айту (3-4 минут)
сіежлз үнедт ақжры йа
Жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Шығармашылық қабілетті көрсетуге.
4-кезең: «Абай жолы» Абайдың бір өлеңінің бірінші жолы беріледі. Сол өлеңнің мағынасы бойынша өз ойларынан өлең құрастыру (3-4 минут).
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Желсіз түнде жарық ай»
Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға сол алда.
Әділқазыларға сөз кезегі беріледі. Сайыскерлерді мараппатау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі