Өлең, жыр, ақындар

Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні, таңертең, күндіз, кеш, түн

Тараз қаласы №17 бөбекжай-бақшасының
жоғары санатты тәрбиешісі: Ахметова Фатима Абдрахмановна 

Педагогтың аты-жөні: Ахметова Фатима Абдрахмановна

Мерзімі: 14.11.2019

Тобы: «Күншуақ» мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық, қатынас

ҰОҚ: Математика негіздері

Тақырыбы: «Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні, таңертең, күндіз, кеш, түн.»

 ҰОҚ мақсаты:

Тәуілік бөліктерін тану, оларды ажырату, өткен сандарды қайталау, оларды тура және кері санау.

Күтілетін нәтиже:

- Тәуілік бөліктерін таниды, оларды ажырата алады.

- Өткен сандарды тура және кері санай алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, «топтастыру», «миға шабуыл», әдістері.

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

Жоспарланған  іс-шаралар

Ресурстар

ҰОҚ басталуы

Психологиялық сәт

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай түсті қаламыз

Қайырлы таң балалар!

 

«Топтастыру» әдісі

Түрлі түске боялған асықтармен

«Ханталапай» ойынын ойнатып балаларды

4 топқа бөліп отырғызу.

Талапай ау- талапай,

Табылды ойын алақай!

Асығымды шашайын,

Ойынға жол ашайын.

 

Сұрақ-жауап

Балалар  бізде неше жыл мезгілі бар?

Қазір жылдың  қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Ай аттарын айтып беріңдерші?

Бір аптада неше күн бар?

Балалар сендер қай балабақшаға келесіңдер?

Сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

Қай уақытта қайтасыңдар?

 (бала үнін есту)

Кері байланыс:

Сұрақтарға көп жауап берген топтарға жұлдызшалар беру?

«Миға шабуыл» әдісі

Ертемен ақ пейілмен

Қайырлы таң деймін мен

Күндіз де елді елеймін

Қайырлы күн- тілеймін

 

Таң шапағы алаулап

Дала нұрға боялды,

Мүлгіген бақ манаурап

Ұйқысынан оянды.    (таңертең)

 

Бір ұяда жеті жұмыртқа  (Апта)

                                        

Алдымен қара тұлпар озық келер,

Арғымақ мойнын созып кейін келер

Соңынан боз арғымақ басып озып,

Айналып бірін-бірі жүре берер

                                   (Түн, таң, күн)

 

Әңгімелеу:

Балалар бүгінгі оқу қызметімізде біз осы тәуілік бөліктерімен танысамыз. Мен сендерге өлең оқып берейін мұқият тыңдаңдар.

Бақшамызға барғанда

Жолыққан бар жандарға

Үйге кешке келемін

Кеш жарық деп кіремін.

Адамдардың таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейтінін әңімелеп беру.

 

 

Балалар орындайды

 

 

 

 

Өздері таңдаған асықтың түстеріне бөлініп отырады

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ негізгі бөлігі

1-тапсырма

«Кім жылдам»

4 топқа да тәуілік бөліктері салынған суреттер беру, балалар қосу арқылы белгілеу және ажыратып айтып беру.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын

Саралау: Мазмұн, ресурстарды саралау

Бақылау: Жетелеуші сұрақтар

Кері байланыс: жұлдызша беру арқылы

Сергіту сәті:

Сырға сырға сырғалар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік,

 Сол қолымда білезік

Саусақтарда сақина

Қане санап көрейік

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Сылдар-сылдар сырғалар

2- тапсырма:

«Кім зерек»

Төрт топқа да қағаз таратып беремін, өткен сандарды жазып, оларды тура және кері санату .

Құрылымдалған ойын

Саралау: Өнім, қарқын жылдамдық, уақыт.

Бақылау: Жазбалар жүргізу.

 

Суреттерді бір-бірімен қосады, ажыратып айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен жасайды

 

 

Өткен сандарды тура және кері санайды.

ҰОҚ қорытынды бөлімі

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

Немен таныстыңдар?

Қандай тапсырма орындадыңдар?

Балаларды жұлдызша арқылы мақтап мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз