Өлең, жыр, ақындар

Біз шыныққан баламыз

«Гүлдер» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші: Гафуринова Күнімай Қанатқызы

Білім беру салалары: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Біз шыныққан баламыз

Бағдарламалық міндеттері: Берілген тапсырмаларды орындап, шеңбер бойымен, саппен жүре білуге, денсаулыққа пайдалы дәрумендерді басқа тағамдардан ажырата білуге үйрету. Қар кесектерімен жасалатын жаттығуларды дұрыс орындай білуге дағдыландыру. Негізгі қимылды жаттығулар арқылы ептілікке, тепе–теңдікті сақтауға тәрбиелеу. Қимылды ойындар арқылы шапшаңдыққа, бір-біріне көмектесуге, жанашырлық сезіміне тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Пирамиданы ретімен құрастырғызып үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, қорытындылау.

Қажетті көрнекі құралдар: каршалар, жіп, гимнастикалық тақтайша.

Билингваль құрауыш: дәрумен-витамины, қар-снег.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Себепті қызығушылығын ояту кезеңдері

Балалар сапқа тұрып пойыз болып спорт залға кіреді.(Пойыз әуені естіледі)

-Балалар барлығымыз спорт сарайына келдік! Барлығымыз қонақтармен амандасайық.

-Енді бір-бірімізге жылулығымызды сыйлап, шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

-Алдымен саппен салдаттар құсап жүргізу, Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен,қолымыз белімізде өкшемізбен жүреміз. Қолымыз тіземізде жартылай отырып жүреміз, аю болып жүріп,қоян болып секіреміз.

Балалар бірінің артына бірі тұрып пойыз болып жүреді.

Қонақтармен амандасады.

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.Өлең жолдарына берілген қимылдарды жасайды.

 

Берілген жаттығуларды шеңбермен жүріп орындайды.

 

 

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Қар кесегімен жасалатын жалпы дамыту жаттығулары:

  1. «Қар кесегін ауыстырып сал»

Б.қ. аяқ сәл алшақ, қол төмен.Қолды алға созып, қар кесегін бір қолдан екінші қолға ауыстырып салу.4-5 рет.

2. «Қар кесегін көтер»

Б.қ. Қолды жанына қойып тіреле, аяқты алшақ қойып, еденге отыру.Отырып екі аяқпен қар кесегін қысып алып,жоғары көтеру, «қар кесегі міне» деу. Б.қ. оралу. 5-6 рет қайталау

3. «Әрі бер»

Б.қ.  қолды жоғары көтеріп ,қар кесегін  бір-біріне алға, артқа қарай беру.3-4 рет

4. «Қар кесегі менікі -сенікі»

Б.қ.аяқ сәл алшақ, қар кесегін алып оңға ,алдына,солға алдына ұстап жасау .4-5 рет

5. «Қар кесектерін кім тез қапқа салады?»

Қап белгілі бір қашықтықта.Балалар 2 сапқа тұрып, кезекпен қар кесектерін қапқа салады.

 

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Еденге арқанның  үстімен жүру.

-Гимнастикалық тақтайға еңбектеп жүріп, секіріп түсу.

Эстафеталық қимылды ойын: «Мұнара құрастыр»                                                          Шарты: Балалар екіге бөлінеді. Шашылған дөңгелектерді бір-бірінің үстіне қойып жинастыру қажет. Әр бала бір дөңгелектен салып отыру керек.Қай топ шапшаң жинайды сол жеңіске жетеді.

Орнымызға отырып көзімізге арналған жаттығу жасап жіберейік.

1.Сұқ саусағыңызды мұрныңызға тигізіңіз. Саусағыңыздың ұшына қарап отырып қолыңызды алға артқа  созыңыз.

2. «Свет сөнді» көздерін ашып жұмады. Бір дегенде көздерін жұмады, екі дегенде көздерін ашады.

3.Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға 5 секунд, келесі сол жақ иығымызға 5 секунд қараймыз.

«Пайдалы дәрумендер»   ойыны

Шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады, ортада тәрбиеші доппен әр балаға пайдалы дәрумендер және жемейтін заттар туралы айтады. Пайдалы тағамдарды айтқанда допты ұтып алады да , жемейтін заттарды айтқанда допты ұтпайды. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 

 

 

 

 

Жалпы дамыту жаттығуларын тәрбиешінің көмегімен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі қимылды жаттығуларды орындайды.

 

 

Эстафеталық ойынға екі топқа бөлініп орындайды.

 

 

 

Көзге арналған жаттығуларды қайталайды.

Шеңберге тұрып пайдалы тағамдарды айтқанда допты ұтып, жемейтін заттарды айтқанда допты ұтпайды.

 

Іс-әрекетті бағалау кезеңі

-Жарайсыңдар балалар енді барлығымыз пойызымызға мініп, тобымызға барайық.

-Балалар сіздерге бүгінгі оқу-қызметі ұнадыма?

-Барлықтарыңыз жақсы қатысқандарыңыз үшін мен сіздерге мына жемістерді беремін. Сіздердің дендеріңіз сау болсын! Ешқашанда ауырмайық.

 

Балаларда мақтаныш сезімі оянады.

Өз жауаптарын береді, қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Білді: Денсаулықтың адам өміріне керектігін, пайдалы дәрумендер туралы;

Игереді: негізгі қимыл–қозғалыс жаттығуын;  

Меңгереді: Жалпы дамыту жаттығулардың орындалу жолдарын.


Пікірлер (2)

Акжунис

Өте тамаша

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз