Өлең, жыр, ақындар

Қырық өтірік ертегісі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ертегінің мазмұнын ашып, талдау.
Дамытушылық: ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.
Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ болып, адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, таратпа парақшалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен егер батыр болсам...» ертегі құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ертегі оқиғасы проза түрінде де, өлең түрінде де болады. «Қырық өтірік» ертегісі – соның бір мысалы. Бұл ертегінің басқа ертегілерден өзгешелігі айтушыдан аса таланттылықты талап етеді. Ертегінің шартының өзі – бір түйір шындық қоспау керек. Сюжетінің тартымды, қызық болатыны да сондықтан. Ал өлең сөзбен баяндауда автор оқиғаны баяндап жеткізумен бірге өлең сөз талабын (ұйқас, ырғақ, т. б.) орындауы қажет.

ІV. Бекіту.
«Автор орындығы» әдісі бойынша ертегінің мазмұнын сұрау.
Ділмәр - тілге шешен, сөзге бай
Сүймен - құрал түрі
Кездік – кішкентай пышақ
Абжылан - үлкен жылан, қан ішер

Топтық жұмыс:
1. Тазша бала хат жазу
2. Өтірік өлең құрастыру
3. Өтірік әңгіме құрастыру

● Тазша бала (ерекшелігі)
- Тазша өзі 40 өтірік әңгіме, өлең шығарды
- Хан алдына өзі келді
- қиялшыл
● Аяз би (ерекшелігі)
- Ханның сұрақтарына тапқырлықпен жауап берді.
- Ханның алдына уәзірлері әкелді
- сыншы
● Ұқсастығы
- Екеуі де хан бұйрығын орындады
- Екеуі де тапқыр
- Екеуі де ақылды
- шешен
- батыл

Ертегі желісі бойынша сурет салғызу.
1 - сурет. Инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан көрініс
2 - сурет. Шегірткенің мұртына атты арқандау
3 - сурет. Ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суреті, т. б.
Оқиға кейіпкерлеріне мінездеме беру

Тест
1. «Қырық өтірік» ертегісі ертегінің қай жанрына жатады?
а) шыншыл
ә) қиял - ғажайып
б) аңыз
в) хайуанаттар жайлы
2. Ертегінің басты кейіпкері кім?
а) Хан
ә) Тазша бала
б) Инелік
в) Халық
3. « — Жаным - ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!» - кімнің сөзі?
а) Хан
ә) Тазша бала
б) Инелік
в) Халық
4. «Құрығым аласа болған шығар»,— деп, құрықтың басына... жалғадым, көрінбеді.
а) қынымды
ә) тебенді
б) пышағымды
в) қамшымды
V. Үйге тапсырма беру.
Қырық өтірік ертегісіне жоспар жазу. «Өтірік өлеңді» оқу.
VІ. Оқушы білімін бағалау.
Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.


Пікірлер (2)

Майя

Куштыыыыы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз