Мамлют қазақ мектеп-интернатының тәрбиешісі
Мендекина Айнаш Жаксылыковна
Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.
Барысы: Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)
Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.
"Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көпболады.
Қызғаншақболма! Өзбойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірікайтпа, жаманойларданаулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..
Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.
1-оқушы:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
1. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
2. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
3. Жаңғақты тіспен шақпау керек.
4. Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
5. Тәттіні көп жеуге болмайды.
6. Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.
Шығармашылық жұмыс
Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2. Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4. Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5. Ауру атанды да шөктірер.
6. Азған денеге ауру үйір.
Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар: Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.
Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың. (Сабын)
***
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
***
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
***
Біз едік, біз едік,
Отыз екі қыз едік.
қатар-қатар тізілдік,
Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайдаболды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».
Қорытынды сөз:
- Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді қоректену керек.
» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ерте жатып,ерте тұру керек.
» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.
» Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.
- «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Тұжырым: Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
- Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі