Өлең, жыр, ақындар

Ұ дыбысы мен әрпі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

№1 жалпы білім беретін орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі :

Бегенова Әдемі Дюсембекқызы

Сабақ: Сауат ашу

Тақырыбы: Ұ  дыбысы мен әрпі

Мақсаты:    

Оқушыларға ұ дыбысының айтылу,жазылу ерекшелігін түсіндіру.

Оның  айтылуына қарай дауысты,жуан дыбыс екенін, сөздің қай буынында кездесетінін мысалдар келтіре отырып көздерін жеткізу.Оқушылардың өздеріне ереже шығарту.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайту.Сауатты жазуға үйрету.Жазу каллиграфиясын сақтауға төселдіру.Өз ойларын толық жеткізе алуға үйрету.

Оқушыларды шапшаңдыққа,еңбексүйгіштіккетәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру.

 Көрнекілігі: жеке суреттер,ұ әрпінің баспа және жазба түрлері,құ дыб. байланысты жазылған сөздер, құстардың суреттері,Т.Әубәкіров,Т.

Мұсабаевтың суреттері

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,әңгімелеу,талдау-жинақтау әдістері.

 

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Ж дыбысы мен әрпі.69,71-бет оқу.Ереже жаттау. Ж дыбысына байланысты өлеңді жаттау.Сөйлемдер құрау.

 Үлгі дәптердегі тапсырманы жазу.Қосымша дәп.тапсырма.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

- Ж дыбысы қандай дыбыс?

- Дауыссыздың қай түріне жатады?

Ол қалай айтылады?Дыбыстап айтып көрейікші

Ол сөздің қай жерінде кездеседі?

-Тағы қандай дыбыстармен таныстық?

Жуан дауыстыларды атаңдаршы?

Мысалдар келтірту.

ІҮ.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

   Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жұмбақтың шешуіндегі сөздің қай дыбыстан басталып тұрғанына назар аударыңдар.

Оқушыларға жұмбақ жасыру: Құстай ұшар

                                                    Қанатты тұлпар. (ұшақ)

Балаларға ұшақ,ғарышкерлер туралы мәлімет беру.

Ұшақ сөзі қай дыбыстан басталып тұр?Айтып көрейікші.Ендеше біз бүгін  ұ дыбысымен

танысамыз.(Тақтадағы суреттермен жұмыс жүргізу)

Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

 Ұ-дауысты,жуан дыбыс екенін мысалдар келтіріп,түсіндіру.Ережені хормен және жекелей айтқызу.

   Оқулықпен жұмыс

   Оқулықтағы  буындар мен сөздерді оқып,талдау.

    Сөздерді буынға бөлгізу,сөйлемдер құрату.

    Ұ дыбысының сөздің басында,ортасында кездесетінін түсіндіру.Сөздің соңында кездеспейтінін айту

Оның  дауысты,жуан екенін  мысалдар келтіріп,дәлелдеу.

Ережені хормен және жеке-жеке айтқызу.

Дәптермен жұмыс

Үлгі дәптердегі тапсырманы жазғызу.

Ұ әрпінің жазба түрін және ұ дыбысына байланысты сөздерді жазу.

(дәптерге жазу ережесін ескерту)

Сергіту сәті

ҮІ. Сабақты бекіту кезеңі

А)Дыбыстық талдау жасату. (ұлу,бұтақ,жұмыс,сұрақ,құлақ,жұмбақ ,ұлар сөздеріне)

Ә)Сөздік  диктант алу.

ҮІ. Қорытынды

Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? Ұ дыбысы неге дауысты,жуан дыбыс деп ойлайсың? Сөздің,буынның қай жерінде кездеседі?Қай ұяшыққа орналастырдық? Т.б сұрақтар арқылы қорытындылау.Өткен дыбыстарды қайталау.

 

 ҮІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

 72 ,73-бет оқу.Сөздерді  буынға бөлу,сөйлем құрау.Диктант жазу.Ереже,тақпақ жаттау.

ҮІІІ. Бағалау.

 Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз