Бөлім ұзақ мерзімді жоспары: 4-бөлім Қазақтың ұлттық ойындары |
Мектеп: Каменка орта мектебі |
||||||||||||||||||
мерзімі:___________ |
Мұғалімнің аты: Елеусизов А.У |
||||||||||||||||||
сынып: 6 « » |
Қатысқаны: Қатыспағаны |
|
|||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену |
||||||||||||||||||
Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.2.5.1 - өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну |
||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады |
||||||||||||||||||
Бағалау өлшемдері |
Қазақтың ұлттық ойындары ережесін біледі Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Мыналарды қамтиды:
«Ақсүйек» |
||||||||||||||||||
тәрбиелеу құндылықтар |
Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу |
||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс |
Математика, Қазақстан тарихы |
||||||||||||||||||
АКТ қолдану |
Ғаламтордан мәліметтер алу |
||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Оқушылар алдыңғы сынып бойынша білімін сұрау не білетінін сұрақ арқылы анықтау. |
||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері |
Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар |
Ресурсы |
|||||||||||||||||
Ұйымдастырукезеңі10-12 мин. |
Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «сокыртеке»«сақина салу» ойынын ойнату. Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы. · бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған); · екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар). Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет? (оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау) |
Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар. |
|||||||||||||||||
Негізгі бөлім 28-30 мин |
1-тапсырма (Т, Тәж, Ф) Оқушыларға теориялық мәліметтер беру. Мынадай ойын түрі бойынша: Жаяу көкпар, ақсүйек, аңшы мен үйрек, жеті тас, бес тас, арқан тартыс, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі осы ойындарды түсінгенін басмармақ әдісі арқылы бағалау. «Көкпар» 2-тапсырма (Ж, Т, Ф) Ойынның алғашқы балама нұсқасы: ойынға - екі команда қатысады. Ойын алаң ортасынан басталады. Қарама қарсы жақта қазандық орналасқан. (қаз т. аудармасы. «котел»). Ысқырық бойынша «көкпар» ие болу жарысы басталады.Жеңіске жеткен капитан, ойынды бірінші болып бастайды. Ол өзінің командасындағы мүшелерге «көкпарды» беріп, «қазандыққа» жүгіріп барып, оны «қазандыққа» лақтыру керек. Команда бір ұпай алады. Қарсылас команда қарсыластардың жолын жауып, қарсылас командаға «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау. Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау Арқан тарту — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам немесе сыныптың адам санына тең бөлінуге болады, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау. Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау, нәтижелерін есепке алып екі жұлдыз бір тілек айту 2-тапсырма «Бөрік жасырмақ» ойынына қатынасушылар араларынан бір ойыншыны шығарып, алыстау жерге барып, бөрік немесе басқа бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылар жасырған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі бермеуге тырысады. Бермеудің жағдайы екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып, бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын, бөріктің иесіне қол тигізіп күш жұмсауына болмайды. Қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті жасыруға бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойын жалғаса береді Сұрақ-жауап Қандай қиындықтар болды? Шешу жолдары? Оқушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы |
Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік. Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық, бор, секундомер Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар. https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I «Көршіңізге айтыңыз стратегиясы» |
|||||||||||||||||
Қорытынды 5 мин |
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ПОПС – формуласын қолдану арқылы оқушылардан кері байланыс алу, ол ПОПС – формуласындағы белгіленген төрт жағдаят бойынша оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазу сұралады Қосымша
|
ПОПС – формуласы
|
|||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? нәтижесін есепке алу арқылы |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бақылау парағы, сұрақ жауап , бақылау,кері байланыс
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі