Өлең, жыр, ақындар

Менің Отаным – Қазақстан!

БҚО Орал қаласы №33 «Орленок» МҚКҚ бөбекжайының музыка жетекшісі Титеева Гулзат Равилқызы

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан картасы, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер.

(Музыка әуенімен балалар залға кіріп шеңбер құрып тұрады.)
- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты 
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды  даламыз 
Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, «Менің Отаным – Қазақстан» атты ашық оқу қызметін ашық деп жариялаймыз.
(балалар саппен орындарына отырады)

Жетекші: Ендеше біз ән айтпас бұрын не істейміз?

Балалар: Даусымызды жаттықтырамыз!

Жетекші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше барлығымыз орындыққа дұрыстап отырып, қолымызбен қимыл жасаймыз.

Дауыс жаттықтыру:

Біз барамыз жоғары,

Біз келеміз төменге

Жарайсыңдар балалар!

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Менің отаным-Қазақстан» деп аталады.

Бүгін бізге қонаққа Айгерім келді. Ол сендердің сабақтарынды көргісі келеді.  Қане барлығымыз Айгеріммен амандасып алайықшы.

Балалар 3 тілде амандасады.

Айгерім төрге шығып біздің балалардың өнерлерін тамашала.(Айгерім қуыршақты отырғызып қояды)

Сұрағыма жауап беріндерші

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан!

- Балалар, біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

- Нұрсұлтан  қаласы

(слайд )

Жетекші: Балалар біз Отан туралы ән білемізбе?

Балалар: Иә!

Жетекші: Ендеше орнымыздан тұрып отан туралы әнімізді айтайық.

Ән: «Отан»

- Рәміздеріміз қандай?

- Ту, елтаңба, Әнұран

Жарайсыңдар балалар! Ендеше бәріміз жарты шеңберге тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайық,

Әнұран:

Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атаймыз. Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр. 

- Мынау - елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар.- Балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республикасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

Райымбек: Біздің тудың бояуы.
Оны  халық қашанда,
Биікке іліп қояды. 

Айзия: Елтаңбасы елімнің ,
Қандай әйбат әдемі 
Тұнығындай  көңілдің ,
Ортада аспан әлемі 

Айбар: Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген. 

Жетекші: Жарайсыңдар балалар! Әйгерім саған балалардың өнерлері ұнап жатырма?

Әйгерім: Иә жарайсыңдар балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер.

Жетекші: Балалар біз қандай музыкалық аспаптарды білеміз? Қане бәріміз экранға назар аударайық

(Слайд аспаптар туралы)

Оркестр:
Ал сендер қазақ даласының күйшілерін білесіндерме? Олар кімдер?

(Слайд күйшілер туралы))

Балалардың жауабы:

Жарайсыңдар (Портреттер көрсетіледі) Ендеше орнымызға отырып, Құрманғазы атамыздың  «Адай» деген күйін тыңдайықшы. Ыңғайланып отырып, көзімізді жұмамыз. Әуенді мұқият тыңдап, қандай әуен екенін көз алдарына не елестегенін айтып бересіңдер.

«Адай» күйі ойналады.1 минут

Енді көзіміз ашамыз. Айтыңдаршы әуен ойналып жатырғанда нені елестеттіңдер?

Балалардың жауабы.

Ендеше менін көз алдыма не елестегенін қарайықшы.

Слайд көрсетіледі.

Әуен көнілді ме әлде көңілсізбе?

Балалардың жауабы.

Бұл күй қандай аспапта ойналды?

Балалардың жауабы.

Жетекші: Балалар сендер қазақ халқынын ұлттық ойындарын білесіңдерме?

Қандай ұлттық ойындар бар?Қане экранға қарайықшы.

(Қазақтың ұлттық ойындары туралы слайдтар көрсетіп, қандай ойын түрлері екенін сұрайды.)

Балалардың жауаптары: «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Асық ату», «Көкпар» т.б.

Жетекші: Ендеше ортаға шығып шеңбер бойымен отырып «Тақия тастамақ» ойынын ойнайықшы.

Ойын:

«Тақия тастамақ»

Ендігі кезекте музыкалық ырғақты қимыл жасау.

Балалар шеңбер бойына тұрайықшы. Қазір бәріміз қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаның» қимыл қозғалыстарын қайталаймыз.

Би: «Қара жорға» (жұптасып билеу)

Жарайсыңдар балалар! Енді бәріміз орынымызға отырайық.

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнадыма? Біз бүгінгі сабағымызда нені үйрендік? Қандай тақырыптағы сабақ болды?

Балалардың жауабы:

Ендеше балалар мына тұрған шарларды екі бөлек тұрған қорапшаға саламыз. Егер сабақ ұнаған болса, сары қорапшаға  саламыз, ал ұнамаған болса  көк қорапшаға саламыз.(балалар шарларды қорапшаға салады.)

Жетекші: Ал қанекей көрейік қай қорапшада шарлар көп екен! Сары қорапшада шарлар көп екен демек сендерге сабағымыз қызықты өтті деген сенімдемін. Сабаққа белсене қатысқандарын үшін рахмет балалар

Біздің қуыршағымыз Әйгерімнің сендерге әкелген сыйлығы да бар екен.

(Балаларға сыйлықтар беру)

Қорытынды:

Жетекші: Балалар енді келген қонақтарымызбен қоштасайық. 3тілде қоштасу. «Марш» әуенімен залдан шығып кетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз