Дәрістің мақсаты.
1. Білімділік: Суретшілер қоғамының жұмыстары туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: плакаттар, суреттер.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Студенттерді сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
3. Студенттерді сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап.
Сұрақтар:
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: түсіндірме
XX ғасырдағы орыс бейнелеу өнері. К.С. Петров- Водкин (1878-1939) өнері мен шығармашылығы. «Көгілдір раушан» шығармасы. П.В. Кузнецов (1878-1969), М.С. Сарьян (1880-1972) шығармашылығы. Жетекші шеберлер «Қызғын балет», «Жастар кеңесі» шығармалары.
Елуінші жылдары қазақ суретшілерінің шығармалары бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты экспозициясына айнала бастады. Бұл кезде көптеген қазақ суретшілері Россиядағы көркемсурет институттарын бітіріп келіп Қазақстан суретшілерінің қатары профессионал ұлттық кадрлармен толыға түсті. Солардың бірі Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Кенбаев.
Суретші М.Кенбаев картиналары қазақтың ұлттық ерекшеліктерін кең көлемде көрсеткен ерекше туындылар. М. Кенбаев шығармалары Москвадағы Третьянов галереясында, Ташкенттегі Шығыс халықтары өнерінің музейінде, және қазақ бейнелеу өнері музейінде сақтаулы. Бұл өнердегі құбылыс ретінде суретші шығармаларының биік деңгейін көрсетеді.
М. Кенбаев 1925 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданында шаруа семьясында дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте жетім қалып, 1931-1941 жылдары балалар үйінде тәрбиеленді. Ол сурет салумен жас шағынан айналысты. 1938 жылы республикалық балалардың көркемсурет көрмесіне оның суреттері алғаш рет қойылады.
М. Кенбаев 1941 жылы Алматының театралды-көркемсурет учелищесінің кескіндеме бөліміне оқуға түсіп, — кескіндеме профессоры А. М. Черкаскийден, өнерге еңбек сіңірген қайраткер Л. П. Леонтьевтен дәріс алады. Мұнда ол «Суретші» деген тақырыпқа дипломды жұмыс жазады.
1951 жылдан бастап М. Кенбаев өз білімін Москвадағы В. И. Суриков атындағы көркемсурет институтына түсіп жалғастырады. Бұл институтты бітірерде М. Кенбаев «Жангельдин отряды» деген тақырыпқа диплом жұмысын жазған.
Суретші М. Кенбаевтың тақырыптық картиналары қазақ даласымен тығыз байланысты болып келеді. Суретші «Әңгіме» (1957), «Қашағанды ұстау» (1967), «Сары-Арқа», «Құрманғазы», «Киіз басушылар» атты картиналарында кейіпкерлер образын жасаумен қатар, қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін ашуға баса көңіл бөледі.
Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Асауды ұстау» картинасы. Картина қазақ жігіттерінің батылдығы мен шеберлік өнерінің шексіздігін көрсететін көркем туынды. Көлденеңінен сызылыңқы етіп алынған картина форматы, қазақ даласының кеңдігін, адамдардың болашаққа қарай ұмтылысын символды түрде көрсетеді. Суретшінің «Асауды ұстау» картинасы Москвадағы Мемлекеттік Третьяков галереясындағы кеңес өнері көрмесіне қойылған.
М. Кенбаевтың озық туындыларының бірі – қазақ халқының даңқты сазгері Құрманғазы бейнесін көрсететін «Сары-Арқа» картинасы. 1958 жылы Құрманғазы образын жасауға арналған жабық конкурста осы картина үшін М. Кенбаев бірінші сыйлықты жеңіп алды. Картинада ат жетектеген Құрманғазының бейнесі көрсетілген. Шығарма бояулары қоңыр, сары, қызғыш түстердің жиынтығына біріктірілген. Картинаның «Сарыарқа» деп аталуы Құрманғазының даңқты – Сарыарқа күйінің сарынымен байланысты. М. Кенбаев бұл картинаны жазу барысында ақын Хамит Ерғалиевпен жиі пікірлесіп, оның «Құрманғазы» поэмасының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар бұл жұмысты жазу кезеңдерінде ғалым, зерттеуші әрі композитор Ахмет Жұбанов мұқият бақылау жасап, пайдалы кеңестер беріп отырған.
Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Киіз басу». Бұл картина түстердің әуенділігімен және ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Шығарма мазмұны халық шеберлерінің еңбегін көрсету.
М.Кенбаевтың «Жайлауда» атты туындысы
М. Кенбаев шығармашылығы – қазақ халқының өмірін бейнелік-поэзиялық тілде көрсету. Соңғы жылдар М. Кенбаев басқа да суретшілермен қосыла отырып монументалдық өнер саласында өнімді еңбек етуде.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме шығармаларымен танылған ерекше тұлға С.Мамбеев. Сабыр Мәмбеев Шымкент облысы, Келес ауданы Абайбазар селосында 1928 жылы туған. Сабыр Мәмбеев Қазақстанның Халық суретшісі, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер. С. Мәмбеев 1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1953 жылы Санг – Петербургтегі И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген. 1952-62 жылдары және 1968-82 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы қызметін атқарған.
С. Мәмбеевтің шығармашылығындағы негізгі тақырыптар – замандастар өмірі, туған жердің табиғаты және еңбек адамдары. Суретшінің «Сұқбат», «Тауда» деп аталатын картиналары Москвадағы Третьяков галереясында, «Қоныс аудару», «Көктем» шығармалары Москвадағы шығыс халықтары өнерінің музейінде сақтаулы. «Киіз үйде», «Терезе алдындағы қыз», «Жастар», «М. О. Әуезов» картиналарын суретші 50-60 жылдары жазды.
ІV. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) Жаңа өтілген тақырып бойынша студент мен сұрақ жауап жүргізу.
VІ. Қорытындылау (білім бағалау).
Студенттердің теориялық білімдерін, өорғалған СӨЖ жұмыстарын бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру. Берілген тақырыптар бойынша СӨЖ жұмыстарын қорғауға дайындалу.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қ. Болтабаев, Е. Қосбармақов, А. Еркебай., Өнер 2007
2.Акишев А.К. Искусство и мифология саков. Алма- Ата, Наука, 1985.
3.Акишев К.А., Байпаков К. М. Восросы археологического Казахстана. Алма – Ата, 1979.
4. Ибраев Б.А. Космогонические представления наших предков // Декоративное искусство СССР, 1980.
5. Древнее золото Казахстана. Сост. К. Акишев. Алма- Ата, Онер, 1983.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі