Зоя Матан
Новоселовка орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы, Шортанды ауданы,
Новоселовка ауылы.
Тақырыбы: С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы
Мақсаты: оқушыларға романның негізгі оқиға желісін меңгерту, тақырыбын ашу, ақынның негізгі ойын жеткізу, талдау, салыстыру.
Сілтеме: 11- сыныптың қазақ әдебиеті, ақынның өлеңдер жинағы , «Қамар сұлу» романы.
Күтілетін нәтиже: теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады,романның ерекшеліктерін айтады, талдау жұмыстарын жасайды, сыни ойлай алады, оқушылар өздерін достарын бағалай алады, өзге романмен салыстырады,өзара қорытынды жасайды,ізденеді.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту
Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: постерді қорғау, топтық жұмыс
Керекті жабдықтар: бағалау парағы,оқулық, түрлі түсті фломастер, слайд, маркерлер,ноутбук, интербелсенді тақта.
Дерек көздері: оқулықтағы материалдар, оқушы мәліметтері, ғаламтор мәліметтері.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс әрекеті
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс -әрекеті |
Уа қыт |
Ұйымдастыру |
Амандасу психологиялық ахуал тудырып сабақты бастау |
Оқушылар орындарынан тұрады.Жинақталғаннан кейін орындарына отырды. Оқушылар мақал -мәтелдер арқылы топқа бөлінеді. І топ «Қамар » тобы ІІ топ «Ахмет» тобы |
3 |
Білу: |
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Алдын ала шығарманы оқып келгендіктен бірнеше сұрақтар қойылады? «Сұхбат алу» әдісі -С.Торайғыров кім? Қандай шығармалары бар? -Осы шығармаға тағы қандай шығармасы ұқсайды? - Шығарма неге «Қамар сұлу» деп аталған? -Нұрым қандай адам? -Романда адамдардың көңіл күйлері қалай берілген?
|
Оқушылар сұраққа жауап береді.Бір- бірін қолдап отырады.
Топтық жұмыс байқалады.
«Басбармақ» әдісімен бағалайды. |
5 |
Түсіну |
«Қамар сұлу » романы жайлы түсінік беру
Слайд арқылы көрсетіледі.
|
Қосымша роман жайлы біледі. Түсінгендерін еске сақтап ,жазып алады.
|
5 |
Қолдану
|
І топ Романдағы салт-дәстүр және көркемдік ерекшелік(портрет)
ІІ топ Романдағы қосалқы кейіпкер және шығарманың композициялық құрылымына талдау Оқиғаның басталуы: Оқиғаның байланысы: Оқиғаның дамуы: Оқиғаның шиеленісуі: Оқиғаның шарықтау шегі: Оқиғаның шешімі: |
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, постерге мазмұнын ашады.
Сұрақтарға жауап береді.
Топтар бірін -бірі бағалайды.
«Бағдаршам» әдісімен бағалау |
12 |
Талдау |
І топ Кейіпкерлер мінез-құлқы Қамардың Ахметке деген махаббаты (ақпейілдік ) ІІ топ Романдағы мақал-мәтелдер « Таң атпайын десе де күн қоймайды » Тапсырма: Берілген суреттерге сұрақ бойынша жауап беру. А)Суреттен қазақ қызына тән қандай қасиетті көруге болады? Б)Берілген суретте қандай салт дәстүр көрсетілген? В) Қамардың орнында болсаңдар не істейсіңдер? |
Тапсырмаларды орындайды. Баға береді.
Топпен жұмыс атқарылады. Өз ойларын жинақтап, дәл, нақты айтуға үйренеді.
«Қол шапалақтау» арқылы бағалау |
12 |
Жинақтау |
Венн диаграммасы І топ Қамар Жамал
ІІ топ Бес жолды өлең |
Тапсырманы жазады, оқиды. «Бағдаршам » әдісімен бағалау
|
6 |
Бағалау: |
Бағалау парақтарымен бағаланады. |
Стикер арқылы бағалайды. |
2 |
Үй тапсырмасы |
І топ Сұрақ дайындау ІІ топ Сурет салу |
|
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі