Өлең, жыр, ақындар

Тұрлаусыз мүшелер

Жамбыл облысы

Меркі ауданы

№5 Ақарал орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Шарғынова Назгүл Дүйсенқызы

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік бере отырып, оларды сөйлемнен тауып, ажыратып, тұрлаусыз мүше екенін дәлелдету.

Табыс критерийлері: 1.Тұрлаусыз мүшелер туралы білім алады..

2.Сөйлемнен оларды таба алады.

3.Тұрлаусыз мүшелер екенін дәлелдейді.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Әдемі есім» ойыны, «Топпен ойлан,бөліс», «Аялдама».

Негізгі дерек көздер: Қазақ тілі оқулығы, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар,

көрнекіліктер

Білу

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері.

Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Әдемі есім» ойыны.

 

Санамақ арқылы топқа бөлу.

Өткен сабақтарды еске түсіру үшін топтық жұмыс арқылы тұжырымдамалық карта толтырады.

1-топ Бастауыш

2-топ Баяндауыш

3-топ Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықша

4-топ Тұрлаулы мүшелер туралы білгендерін жазады.

 

Өздерінің есімдеріне сын есім қосып айтады.

Санамақ арқылы топқа бөлінеді.

 

 

 

«Аялдама» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын тексереді.

 

 

 

Флипчарт

Түсіну

Жаңа сабақ: Тұрлаусыз мүшелер.

66-жаттығу.Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқу.Қандай айырмашылық бар екенін анықтау.

Ереже құрастырады.

 

Талдау

Ауызша:

67-жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Сергіту сәті.

67-жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.

 

 

Қолдану

Жеке жұмыс.

68-жаттығу.Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Бастауыштың астын –бір, баяндауыштың астын-екі,тұрлаусыз мүшенін астын ирек сызықпен сыз.

Топтық жұмыс:

70-жаттығу.Мәтінді оқы.Сөйлемдерден тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді тауып, тиісті індеріне кіргіз.

Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Бастауыштың астын –бір, баяндауыштың астын-екі,тұрлаусыз мүшенін астын ирек сызықпен сызады.

 

 

Жинақтау

Топтық жұмыс:

71-жаттығу.Суретке қарап, әңгіме құра.Құраған әңгімеден тұрлаусыз мүшені тауып, астын сыз.

Суретке қарап, әңгіме құра.Құраған әңгімеден тұрлаусыз мүшені тауып, астын сызады.

 

Бағалау

Басбармақ

Екі жұлдыз, бір тілек.

Кері байланыс

Стикер арқылы кері байланыс жасайды.

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз