Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді формула бойынша шешу.
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік:
Оқушылардың квадрат теңдеулерді формула шешу бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу.
2.Дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілетімен, есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру
3.Тәрбиелік:
Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ .
Көрнекілігі: оқулық, тест тапсырмалары, карточкалар, формулалар жазылған парақ.
Сабақтың эпиграфы:
«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ»
(Қасым Аманжолов)
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№261(6,7,8,9)
«Ой қозғау стратегиясы»
Квадрат теңдеуді шешу формуласын, анықтамасын өлең бойынша еске түсіру
Теңдеу,теңдеу теңдеулер,
Түрлері көп теңдеулер.
Соның бірін атасақ,
Квадрат теңдеулер.
Шешсек оның түбірі,
Болады екен әр түрлі.
Ажыратар дискриминант,
Бар жоқтығын түбірдің.
Болса егер дискриминант,
Нольден кіші жоқ түбір.
Болса егер нольге тең,
Онда болар бір түбір.
Нольден үлкен болса егер,
Екі түбір табылар.
ІІІ.Есептер шығару:
«Миға шабуыл» стратегиясы
Оқулықпен жұмыс № 263
Тест тапсырмалары
Сергіту сәті
Әріптерді сандармен алмастыр
три три=шесть
сом сом=огого
гол гол=футбол
карточкамен жұмыс
ІҮ.Бекіту.
Карточка бір жағында мақал-мәтелдер екінші жағында квадрат теңдеулер берілген.
Мақалдағы екі сан квадрат теңдеулер түбірлері
Бір тал ексең
Он тал ек
х2 -11х+10=0
Жігіт бір сырлы
Сегіз қырлы.
х2 -9х+8=0
Жеті рет өлшеп,
Бір рет кес
х2 - 8 x + 7 = 0
Алтау ала болса , ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса ,төбедегі келеді.
х2 - 10 х + 24 = 0
Ұлға отыз үйден,
Қызға қырық үйден тыю
х2 -70х+1200=0
Жақсы жігіт
Он бесінде жас емес,
Жүзге келсе пәс емес.
х2 - 155 x + x 1500 = 0
Ү.Бағалау:
Белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.
ҮІ.Үйге тапсырма беру: №266
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі