Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Оқушылар шығармашылық үйі
Қосымша білім беру педагогі: Джуманиязова Тілектес Абдуллаевна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Каспий теңізі туралы мәлімет беру. Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Білімге құштарлығын, дүние танымдық көз қарасын, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Тәрбиелік: Каспий теңізінің экологиясы, көл суларын қорғау және оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түсіндіру, туған өлкенің табиғатын қорғауға, аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Әдісі: саяхат сабақ, үш аялдама, кім жылдам? Жеті жұмбақ, «ең,ең,ең,....» ойыны, тесттер.
Құрал: Дүниежүзілік саяси карта, мектеп атласы, карточкалар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырыптарды тексеруге арналған сұрақтар
1. Жаңаөзен қаласы қашан құрылды?/1964 ж./
2. Маңғыстау ойында неше қасиетті әулие бар?/362 әулие/
3. Маңғыстау облысында неше аудан бар?/5 аудан бар. Түпқараған, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия/
4. Маңғыстау кереметтерін ата/ Архарлар, Шерқала тауы, Тамшалы, Сұлтан үпі, Бекет ата жер асты мешіті, Жығылған, Қарақия ойпаты/
5. Маңғыстау өлкесінде өндірілетін негізгі шикізат /мұнай/
ІІІ. Жаңа сабақ. «Үш аялдама» әдісі.
Дүниежүзіндегі ең үлкен көл?
1-аялдама: Каспий теңізі қандай мемлекеттермен шектесіп жатқанына тоқталу.
2-аялдама: Теңізде тіршілік ететін жануарлар жайлы мағлұмат беру.
3-аялдама: Каспий теңізінің шаруашылық маңызына толық түсінік беру.
Мағынаны тану: Каспий теңізі бейне-таспа
Өзіндік жұмыс. Оқушылар берілген жоспар бойынша тапсырманы орындайды.
1. Тарихы.
2. Географиялық орны.
3. Климаты.
Топтық жұмыс.
№1 Тарихы:
Каспий теңізі реликті /қалдық/ көл. Қалдық көлдер ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тарихымен тығыз байланысты екенін түсіндіреді. Неоген дәуірінде күрделі тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде, Тетис алдымен Тынық мұхиттан бөлініп, кейіннен Атлант мұхитынан ажырағанын баяндайды. Неоген дәуірінің аяқ кезінде жер қыртысының шұғыл көтерілуінен Каспий теңізі Қара теңізден бөлініп қалғанын, осы кезеңді Каспий теңізінің қалыптасу кезеңі деп санауға болады. ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазірде бар. Сонымен бірге Гиркан (І ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. 60-тан астам тарихи атауы бар. Олар соңғы 3 мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
№2 Географиялық орны:
Каспий теңізінің жалпы ауданы 374 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Теңіздің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Қазақстан үлесіне - 29%/2340км/, Ресейге-16 %, Әзербайжанға-22 %,Түрікменстанға-21 %, Иран Ислам Республикасына-14 % тиеді.
Аралдары аз, олардың жалпы ауданы - 2045 км2. Ең ірілері - Итбалықты архипелагындағы Құлалы - 73км2, Теңіз - 65км2-ге жетеді. Шығыстан Каспий теңізі Маңғыстау (Түпқараған және Бозащы) түбегі.Шығыс жағалауындағы Шығанақтар: Маңғыстау және Қазақ.
Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай үшке бөлінген: оңтүстік (ең үлкен және ең терең), орта және солтүстік.
Каспий теңізіне 130-дан астам өзендер құяды. Ең ірілері: Еділ, Терек, Сулақ, Самур, Жайық, Ембі, Атрек.
№3 Климаты:
Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан солтүстігі қоңыржай континентті климаттар, оңтүстік-батысы құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар. Шілдеде +24-26С, қаңтарда -7-11С. Қаңтардың ең төмен температура -38С
Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады.
1830-1929 жылдары 25,5 - 26,6 м
1929 жылдан 1977 жылға – 29м
1978 жылдан қайта көтерілді
1995 жылдың басында - 26,5м
Сергіту сәті.
«Кім жылдам» ойыны
Географиялық нысандардың аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар.
1. Сахара (шөл) 11. Гималай (тау)
2. Түпқараған (аудан) 12. Антарктида (материк)
3. Ақтау (қала) 13. Амазонка (өзен)
4. Жайық (өзен) 14. Лондон (қала)
5. Отпан тау (мәдени кешен) 15. Ресей (мемлекет)
6. Тамшалы (оазис) 16. Апшерон (арал)
7. Саура (көл) 17. Балтика (теңіз)
8. Үстірт (қорық) 18 .Гибралтар (бұғаз)
9. Қаламқас (кен орны) 19. Виктория (сарқырама)
10. Кендірлі (шипажай) 20. Сомали (түбек)
«Ең, ең, ең,....» ойыны
1. Маңғыстаудың ең биік шоқысы (Бесшоқы)
2. Ең үлкен көл (Каспий)
3. Маңғыстаудағы ең терең ойпат (Қарағия)
4. Ең биік шың (Джомолунгма)
5. Ең үлкен материк (Еуразия)
6. Ең терең көл (Байқал)
7. Ең үлкен арал (Гренландия)
8. Ең үлкен шөл (Сахара)
9. Ең ыстық материк (Африка)
10. Ең ұзын тау (Анд)
11. Ең биік ағаш (Секвойя)
12. Ең кішкентай мемлекет (Ватикан)
13. Ең ұзын өзен (Ніл)
14. Ең терең шұңғыма (Мариана)
15. Ең үлкен түбек (Арабия)
16. Ең суы мол өзен (Амазонка)
17. Ең ірі дүние бөлігі (Азия)
18. Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)
19. Ең биік сарқырама (Анхель)
20. Ең халқы көп материк (Еуразия)
Келесі кезең «Жеті жұмбақ»-пән аралық байланыс.
1. Қаласы бар, үйі жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ.
Өзені бар, суы жоқ.
Тауы бар да тасы жоқ,
Ойлаңдаршы, балалар,
Оның қиын түгі жоқ. (географиялық карта)
2. Теңіз, тауларды, халықты,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (жер)
3. Азықсыз, көліксіз,
Сусынсыз, серіксіз.
Әлемді шарлайсыз,
ЖиҺанкез болып сіз. (глобус)
4. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
5. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым. (тау)
6. Жан-жағы су болып жатыр,
Ортасы ну болып жатыр. (арал)
7. Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ.
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ. (өзен)
ІV. Сабақты бекіту
Сөзжұмбақ шешу.
V. Бағалау
Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалау. Оқушыларды топқа бөле отырып, бір-бірімен ой бөлісу дәрежелерін көрсету. Топ арқылы әр баланың ойлау мүмкіндігін біліп, пікір айта білуіне жол беремін. Әр бала өз пікірін айта отырып, топпен жұмыс жасауды үйренеді.
VI. Үйге тапсырма
Каспий теңізі жайлы ақпараттар іздеу.
VII. Сабақты қортындылау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі