Күні: 15.11.2022 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Әдіс – тәсіл жәрмеңкесі»
Мақсаты: Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда жаңа электронды платформаларды сабақта қолдану және тәжірибе алмасу.
Күтілетін нәтиже:
1) білім беруде оқушы қажеттілігін ескере отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді үйлестірудің маңыздылығын түсінеді,
2) Кез – келген пәндердің іс тәжірибелерінде қолданады.
3) Сыныптан тыс жұмыста әр пән мұғалімдерін пән аралық байланыс жүргізу, таныстыру,топқа бөлу, логикалық қызықты сұрақтармен жұмыстар жүргізу. Мұғалімдерге жаңа платформаларды пайдалану арқылы тапсырсырмалар орындау, қосымша мәліметтер беру, кері байланыс жүргізу.
Құрметті әріптестер және ұстаздар, құрметті қонақтар. Бүгін міне Информатика Математика Физика пәндерінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылым» атты апталығынының екінші күні « Әдіс-тәсіл жәрмеңкесі» атты танымдық сабаққа қош келдіңіздер. Танымдық сабаққа қатысатын біздің апайларымызды таныстырып өтсем.
Жұмысты бастамас бұрын әріптестестер Супер маркетке келіп әдістемелік кітаптарды таңдап алсаңыздар. Бұл кітаптар апталықтық өткізуіне байланысты сіздерге акция тегін беріледі.
Сыныптан тыс жұмыс кезеңдері:
Құрметті әріптестер Сіздерге апайларымыз таныстыру үшін видеролик
дайындағанмын. Әрине бұл видеоролик MovieStudio бағдарламасымен жасалған. Бұл бағдарлама көбінесе телефон арқылы жасалады. Бұл бағдарламаны ұстаздарымыз кез келген сабаққа, портфолио жасауға, әртүрлі сайысқа қатысу кезеңде қолдануға болады.
2 – кезең Логикалық сұрақтар /genial.ly программасы/ бағдарламасы бойынша жасалып отыр. Бұл бағдарламаны түсіндіріп өтейін өте керемет бағдарлама. Презентация ретінде пайдалануға, ойындар жасауға, сабаққа әртүрлі тапсырмалар жасауға ыңғайлы. Көбінесе сілтеме арқылы сақталады. Сіздерге пазлы әдісі арқылы логикалық сұрақтар жасағанмын. Сол сұрақтарға жауап берсек.
3-кезең Платформамен жұмыс жасау. Мен бұл кезеңде апайларымыз өздері Word wool бағдарламасын пайдалана отырып кез - келген әдісте тапсырма дайындайды. Компьютермен жұмыс.
4-кезең «Суреттен не көріп тұрсың?» /суреттермен жұмыс/ /https://app.emaze.com
бағдарламасы арқылы құрастырылған ойын. Бұл бағдарлама ең керемет программа. Пайдалануға тиімді. Негізі ақылы негізде де болып келеді. Көптеген слайд жұмыстарын жасауға болады. Сабаққа кез – келген тапсырмаларды орындауға болады.
5-кезең «Мақал – мәтелдерді біріктір» / Тарсия бағдарламасы бойынша/ бойынша жасалған бұл өте қарапайым кез- келген пәндерге пайдалануға ыңғайлы. Математика пәніне пайдалану өте тиімді. Мен осы бағдарламаны пайдаланып сіздерге тапсырма беремін. Мақал – мәтелдердің жалғасын тапсаңыздар.
6-кезең «Сөзді тап» бұл тапсырма /https://learningapps.org/ бағдарлама өте керемет мұғалімдерге өте тиімді кез-келген әдістерімен жұмыс жасай аласыздар. Әдістердің түрлері көп. Тапсырманы мұқият қарап сөзді табыңыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Сонымен қатар «Жандандырған сурет» бағдарламасы бойынша шолу жасам. Оқушыларға бұл бағдарлама арқылы жанды тапсырмалар беруге болады.
Құрметті апайлар , көрермендер бүгінгі «Әдіс-тәсіл жәрмеңкесі» атты танымдық сабағымыз аяқталды. Сіздерді бүгінгі көрсетілген платформалар арқылы әрмең қарай оқушылармен тығыз байланыста болып жұмыс жасайды деп сенемін. Сіздерге рахмет айта келіп өзімнің Сіздерге арналған азын аулақ сый сияпатымды қабыл алыңыздар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі