Шымкент қаласы
№103 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Аширбаева Альбина
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ізденушілік әдістері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану)
Көрнекілігі: Ара, бұғы, құстар суреттер, оқулық, кеспе қағаздар, сандар жазылған қағаздар.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Сәлемдесу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.
ә) Оқушы қызығушылығын ояту.
Мұғалім -------------------- Балалар (хормен)
Әрбір адам? -------------- Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? ------------- Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? --------------- Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? -------------- Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өткен сабақ бойынша істелетін жұмыс
4.Жаңа сабақ:
Тақтаға сандар ілінеді. Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы бүгінгі тақырып шығады.
5.Оқулықпен жұмыс.
135-жаттығу
Оқушылар, біз қыркүйек айынан бастап оқыған «Дыбыс пен әріп» тарауын бітірдік. Олай болса мен қазір сұрақтар арқылы сендердің осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін.
Сұрақ – жауап:
Дыбыс туралы не білеміз?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сөйлем неден құралады?
Жуан дауысты дыбыстарды ата.
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
136-жаттығу
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.
Мынау-менің бөлмем бөлменің ауасы таза оның терезелері үлкен оң жақта менің төсегім тұр сол жақта үстел, орындықтар қойылған.
6.Сергіту сәті:
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады) Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді)
137-жаттығу
Мәтінді оқы және ат қой.
7.Сабақты қорыту Мәтін туралы білгендерін топтастыру
- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Білетін ережелеріңді, ұғымдарды айту
Мәтін туралы не білетін едік?
Бүгін тағы нені үйрендік?
1. Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан, екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
2. Мәтіннің тақырыбы болады.
3. Мәтіннің басы, ортасы, соңы болады.
4. Мәтінде тірек сөздер болады.
Мәтіннің негізгі ойы болады.
Мәтіннің түрлерін білдік:
1. әңгімелеу
2. сипаттау
3. пайымдау
Осы түрлерінің ерекшелігін білдік.
8.Оқушылардың білімін бағалау.
9. Үйге тапсырма беру. 138 - жаттығу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі