Шахизат Әйгерім Сейілханқызы
БАРЫСЫ:
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар. Бүгінгі біздің ««Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» - деп аталатын ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
Алдарыңызға әр ұлттың ұлттық тамақтарын ұсына отырып, дәм татып отыруларыңызды сұраймын!
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың, тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - деп сөзді колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Қыпшақбаев Қанат ағайымызға берейік. (Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты», «КСРО-ның 1937-1991 жылдар аралығындағы көші-қон» туралы материалды баяндайды.)
ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін, дей келе Шадыханов Ерханның орындауында «Жүрегің Қазақ» әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
\Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
\Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. Қазақтың ұлттық биін тамашалаңыздар!
ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға өзге ұлт өкілдері қонаққа келіп отыр. Біз ол кісілермен бір шаңырақ астында бірге оқып келе жатырмыз.
1. «Болашақ» университетін, колледжін дәмді тамақтармен қамтамасыз етіп отырған аспазшы Альфия апайымыз
2. Пмно-16/9 оқу тобының 2курс студенті Виктория
3. ПД-16/9 оқу тобының 2курс студенті Виктория
4. П-17/9 оқу тобының 1курс студенті Береговая Александра
5. ДО-17/9 оқу тобының 1курс студенті Тян Мария
ІІ жүргізуші: Сөз кезегін қонақтарымызға берсек....
ІІ жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
І жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
«Көк Ту және достар» тақырыбындағы көріністі тамашалаңыздар.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, түрік биін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 26 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 26 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Видеороликке назар аударсақ «Көп ұлтты – Қазақстан»
Топтың оқушыларына сөз кезегін берсек...
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Марлен: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Мади: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Пернебек: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Жалғасхан: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
І жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: Оқушылардың орындауында «Жасыл жайлау»
(Айдана, Бекзат, Лиза, Камила тақпақ)
І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Паридинова Ботакөз апай. Ендеше, апай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.
І жүргізуші: Шадыханов Ерханның орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенген елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты, еті түгіл сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Ортада «Достық» биі.
Aika_23
жақсы мәлімет