Алматы облысы Балқаш ауданы
Бақбақты ауылы
«Күншуақ» бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі: Мырзахмет Анель Берікқызы
Коммуникативтік, Таным және зияткерлік дағды.
Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Төрт түлігім - ырысым
Мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері, слайд түрінде. Төрт түліктен алынатын өнімдер, додекаэдр, жайлау макеті, киіз үй макеті.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Табиғат бұрышымен жұмыс:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар қыс мезгілінде неше ай болады екен?
Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің калай? Тамаша, ендеше ашық ұйымдастырылған іс-әрекетке дайынбыз ба?
Додекаэдр тәсілімен төрт түлік туралы мағлұмат қалыптастыру:
(сұрақ-жауап) балалармен жұмыс.
Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы: "Төрт түлігім -ырысым "
Ендеше балалар, ұлттық ою арқылы түсіне қарай екі топқа бөлінеміз.
- Балалар, бүгін біз сендермен жайлауғашығамыз. Музыканың сүйемелдеуімен көзімізді жұмып жайлауға аттанамыз. Балалар, біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? (тыныс алу жаттығуы) Бәріміз таза ауамен дем алайықшы. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстары қойылады).
Физикалық дағдыны қалыптастыру (саусақ моторикасын дамыту)
- Балалар бізге Сәуле әжей қонаққа келді.
Балалар:
- Сәлеметсіз бе әже.
Әже:
- Амансыңдар ма, бүлдіршіндер!
Сіздерді арнайы жүн сабау, сиыр сауу еңбек түрлерімен таныстырайын.
Балалар әрекеттенеді.
- Сәуле әжей, ендігі кезекте сіз бізбен бірге бүлдіршіндеріміздің тәлім, дағдыларымен танысыңыз.
Танымдық дағдыны қалыптастыру
Ойын: «Киіз үйде не бар?»
Ойынның шарты: Балалар суретке жарық шамдарын (фонарик) жағу арқылы суретте не жасырылғанын табады және оны атайды.
Коммунакативтік, әлеуметті - эмоционалдық дағдыны қалыптастыру.
«Әңгімелеп, ата» ойыны.
Ойын шарты: жануарды, олардың қорегін атап, төлін тауып, даусын сал.
Физикалық дағдыны қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Көңілді қимылдар»
Шығармашылық дағдыны қалыптастыру.
Енді балалар "Көлеңкесінен таны" ойынын ойнайық.
Ойын шарты: Балалар үй жануарларын ұнды тордан өткізу арқылы жануарлардың көлеңкесінің суретін шығарып, қандай жануар екенін атайды.
- Жарайсыңдар, балалар.
Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді балаларға айту.
Физикалық дағдыны қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Көңілді қимылдар»
Рефлексия:
«Қазақ үй» ойыны арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында (салт дәстүр, ұлттық тағам, ұлттық ойын, ұлттық киімдер, әшекей бұйымдар, ұлттық аспаптар) танысу арқылы қорыту.
Осы тапсырмаларды орындау арқылы қазақ үй ішіндегі марапатқа жетелеу. Соңында қатысқан балаларды Қазақстан шокалады мен марапаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі