Алматы облысы Балқаш ауданы
Бақбақты ауылы
«Күншуақ» бөбекжай-балабақша
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Бәрібай Ернұр Маманұлы
Мақсаты: Балаларды жылдам қозғалуға, шапшаң қимылдауға, зеректікке баулу.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен балалар!
Бүгінгі сіздермен танысатын ойынымыз қазақтың ұлттық ойыны – «Сақина тастамақ». Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, тастамақ деп айтады.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойнату, жаттау.
Көрнекіліктер:Сақина, тақпақ, әндер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Денсаулығың мықты болсын!
Өмір жасын ұзақ болсын.
Еліңнің сәні бол!
Ата – анаңның әні бол!
Кел, балалар ойын ойнайық,
Өлең жаттату.
Алақанды беттестіріп, қуыстап,
Тұрыңдар құр ауаны уыстап.
Бір – екі рет кідіріп те қалған боп,
Бір жүзікті тегіс жағын салған боп.
Сездірмейді берік болса сырға кім,
Осында бір құпия тұрғанын.
Бақыла да өзінше түр - түсінен,
«Жүзікті бер» деп сұра бір кісіден.
«Сақина тастамақ» ойынның шартымен таныстыру
Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қысырыңқырап, қолдарын алға соза тұрады.
Жүргізуші сақинаны салып болған соң, ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан - жағында тұрғандарға білдірместен ортаға жүгіріп шығуы керек. Егер екі жағында тұрған адам ұстап қалса, ортағашығушы жаза тартады.
Оыйнды 3 - 4 рет ойнату.
- Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойыны ұнады ма?
Иә
- Жарайсыңдар!!!
Балалар қазақтың қандай ұлттық ойның ойнадық?
Сақина тастамақ.
- Жарайсыңдар!
- Ойын ойнаған ұнай ма?
- Иә, ұнайды
Қоштасу шеңбері.
Біздің топтың балалары
Тату тәтті ойнаймыз
Баршаңызға, бәріне
Тек қуаныш сыйлаймыз.
Сау болыңыздар
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі