Өлең, жыр, ақындар

Мектебім – мейірім мекені!

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Мектебім – мейірім мекені!»

Күні

01.09.2023ж

Класс жетекші:

 

Класс: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар  (тақырып мазмұнын ашатын)

«Мектебім – мейірім мекені!»

Сабақтың мақсаты:

Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

 

Ресімдеу

Слайд, презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал-мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

 

Гимн орындалады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар мен қонақтар! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз, балалар. Сондықтан өз жеріміздің, өз еліміздің ата - бабаларымыз сияқты қадірлеп, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.


Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.

XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Мектебім – мейірім мекені!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша   орындарына отырады.

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ басы (13 мин)

 

 

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

                     -Елбасымыз кім?

 

                     -Елордамыз қай қала?

 

-Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

 

Балалар біздің  бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді. Олар:

Қазақстан

Қ .К.Тоқаев

Астана

Қазақ тілі                 

Хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран

 

презентация

Ортасы (20 мин)

 

Оқушылар  сендер өзіміздің Отанымыз, тіліміз, жерімізге байланысты өлең жолдарын білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.

                   Анамыздай тілеуі ақ,

                        Отан бізде біреу-ақ!

                        Ол біздің Қазақстан

                  

                    Қызық күндер өткіздік

                        Шағын орталық бағында,

                        Көп оқимыз, білеміз

                        Ел мен Отан жайында.

                   

                     Біз намыскер

                        Қазақ елі ұланымыз!

                        Қорғайтын жерді

                        Отан қыранымыз!

Мұғалім: Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан балалар сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
Әңгімелесу

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

-Өз еңбектеріңнін жемісін көргенде қандай сезімде боласыздар?
(Жақсы  жарайсыздар!)

Енді еңбек туралы  қандай мақал мәтел білеміз? (Соларды айтайық)

1 .Еңбек бәрін жеңбек

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

3.Ерінбесең еңбегің өнеді

4.Еңбек етпеген ішіп жемейді

5.Еңбек етте мақтан, Ойнап күлде шаттан

6. Еңбек түбі –зейнет

1-ші топ «Шелектер» сіздерге тапсырма

«Фиш боум» әдісі арқылы мамандық иелері қандай қызмет атқарады соларды жапсырасыздар

2-ші  «Балғалар» тобы сіздерге Заттарды ажырату «Вен диаграммасы» арқылы

(суреттерді жапсыру)

3-ші «Қайшылар» тобына осы заттардан бір нәрсе құрап  келген қонақтарға тілек айтып сыйлау.

4-ші  «Аралар» тобына ертегі құрастыру.Еңбек,Отан тақырыбына байланысты.

Оқушылар Отан туралы өлең жолдарын айтып береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің сұрағына жауап береді

 

Презента-ция

Қағаздар,

қайшы

Соңы

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап»-деген екен Абай атамыз. Сондықтан әрқашан осы сөзді есімізден шығармайық.

 

 

 

 

 

Презентация


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз