Айырмашылығын табайық
Мақсаты:
Балалардың заттарды салыстыру арқылы айырмашылығын табу дағдыларын қалыптастыру, зейінін, ойлау қабілетін дамыту.
Міндеттері:
• Заттарды салыстыра білуге үйрету;
• Ұқсастық пен айырмашылықты ажырата алуына жағдай жасау;
• Балалардың сөздік қорын байыту (үлкен–кіші, бар–жоқ, бірдей–әртүрлі);
• Зейінін, есте сақтауын және ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекіліктері:
• Қара қағазға жапсырылған суреттер (алма, жануарлар, балалар бейнесі т.б.);
• Магниттер;
• Тақта.
Оқу іс-әрекетінің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шаттық шеңберіне жинау.
– Балалар, қане бір-бірімізге күлімдеп қарайық
– Бүгін біз қызықты ойын ойнаймыз.
2. Негізгі бөлім
Тәрбиешінің әрекеті:
Тақтаға қара қағазға жапсырылған екі ұқсас суретті іледі (мысалы: екі алма – бірінде жапырақ бар, бірінде жоқ).
– Балалар, мына суреттерге мұқият қараңдар.
– Олар бірдей ме?
– Қандай айырмашылықты көріп тұрсыңдар?
Балалардың әрекеті:
Балалар суреттен айырмашылықты табады, көрсетеді, айтады.
Ойын бірнеше суретпен жалғастырылады (жануарлар, балалар бейнесі, заттар).
3. Сергіту сәті
«Алма» қимылды ойыны
(қолмен алма теру, секіру, қол соғу)
4. Қорытынды бөлім
– Балалар, бүгін біз не үйрендік?
– Айырмашылық деген не?
Балаларды мадақтау:
– Жарайсыңдар! Сендер өте мұқият болдыңдар
- Илон Маск
- Фирдауси
- Әл-Жахиз
- Марк Аврелий
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі