Өлең, жыр, ақындар

Шыншылдық – адамдықтың белгісі

Тақырыбы: «Шыншылдық – адамдықтың белгісі»

Мақсаты:Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу. Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету, өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сынып сағаты

Мерзімі: 10.01.15ж

Көрнекілігі: мәліметтер, плакаттар, әуендер, суреттер

Пайдаланылған әдебиет: «Өзін-өзі тану» оқулығы

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті: Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Сұрақтарға жауап алу:
Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?
Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді
- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.
3. Дәйек сөз. «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді».
Шындық неге жеткізеді? Ал өтірік ше? Мысал келтір.
- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
4. Әңгімелеу. \сұхбат\
Аңыз әңгіме: «Шындық пен өтірік»
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.
- Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
- Шындық неге жетелеп отыр?
- Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
- Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?
5. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.
Мысалы: Ш шана, Аалма т. с. с

6. Топпенәнайту. «БалдырғандарәніСөзінжазған: О. ӘубәкіровӘнінжазған: Ш. Қалдаяқов
Қуанышқабөленгенәркүніміз,
Бақыттымызбалаларбарлығымыз.
Қайырмасы: Өміртымжайдары
Қызықтыңқайнары
Мектебімізжайнады \рет\
БізОтанныңбалдырғанұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдықұранымыз.
Қорытынды.
8. Соңғытыныштықсәті. Көздеріміздіжұмамыз, бүгінгіөткенсабақты ой елегіненөткізіңдер, бұлсабақсендердіңөмірлеріңесабақболсын, тек жақсы, шындықнәрселеройлауғатырысыңдар, сондағанаайналамызжақсылыққа, шындыққатоларысөзсіз. Ендікөздеріңіздіашсаңдар да болады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз