Сыныбы 8 мерзімі: 24.10.2015
Такырыбы: Қазақстан жеріндегі жер бедері
Максаты: өткен материалды естеріне түсіріп, карталарды пайдалана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, проблемалық сұрақтар қою арқылы белсенділігін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылык қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, Отан, халқына, еліне деген сүйіспеншілікке баулу.
Іс-шара түрі : Сайыс
Оқыту әдістері : Топпен жұмыс
Оқу құралдары : Қазақстаның физикалық картасы, тапсырма қағаздар.
Іс-шара жоспары : І кезең - ұйымдастыру кезеңі.
ІІ кезең - ойын кезеңі
ІІІ кезең - қортынды кезеңі.
Сайыс жоспары : 1. Таныстыру. 2.Ой қозғау. 3.Ой толганыс 4. Мен саған, сен-маган. 5. Ойлан да тап. Хатқа жауап. 6. 《 Мүмкін, мүмкін емес 》. 7.ӘуенІн тап.
Сайыстың барысы : Қайырлы күн бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары. Қазақстан жеріндегі жер бедері атты сайысымызды бастаймыз. Мұғалімнің сөзі :
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарыңда,
Таныстырайық әділ қазы алқасымен. Бүгінгі сайыстың бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен танысайық : 1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары : Қадірберді Роза апай. 2.География пән бірлестік жетекшісі : Мелдеханова Ботакөз апай. 3.География пән мұғалімі : Мылтықбаева Қарлығаш апай
Мұғалімнің сөзі : Тек сәттілік, қатысындар сайысқа, Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па. Оқу керек, білім керек қашанда. ,Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?_-дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарттары:1 . Таныстыру. 2.Ой қозғау. 3.Ой толганыс 4. Мен саған, сен-маган. 5. Ойлан да тап . Хатқа жауап. 6. 《 Мүмкін, мүмкін емес 》. 7.ӘуенІн тап.
Сайысымызды ң бірінші кезеңі. 1 . Таныстыру .Әр топ төс белгісін, газетің, ұранмен таныстырады.
Сайысымызды екінші кезеңі " Ой қозғау " топтарға кезегімен сұрақтар оқимыз. 1. Қазақстанның жер көлемі қанша? ( 2724,9 мың шаршы шақырым ) 2. Қазақстан жер көлемі жөнінен д.ж. нешінші орында? ( 9_шы ). 3.Жер көлемі жағынан ТМД елдерінің ішінде - Қазақстан нешінші орында? ( 2-ші).4. Хан тәңірі шыңын ашқан саяхатшы - ғалым? ( Сименов-Тянь-Шанский ). 5. Қырғыз халқының "Манас" эпосы алғаш рет қағазға түс ірген саяхатшы ғалым. (Шоқан Уәлиханов ) 6.Қостанай облысының шыққан атақты географ? (Шоқан Уәлиханов ) 7.Қарақия ойысы қайда орналаскан?(Маңгыстау түбегінде) 8 . Қазақстан аумағы қандай климаттық белдеуле орналаскан? ( Қоңыржай). 9. Әмудария мен Сырдария өзендері аралығында жатқан шөл? (Қызылқұм).10. Қ.Р. қанша облыстан тұрады? ( 14 ).
Сайысымыздың үшінші кезеңі " Ой толғаныс " деп аталады. Бұл сайыста берілген тапсырманы кескін картаға түсіріп, өз ойларын айтады.
І-топ : 1. Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір жазығы, Үстірт, Сарыарқа, Алтай нысаналарын көрсет.2 Қазақстаның өзіндік ерекшеліктері. 3.Әбу Насыр әл-Фараби суреті.
ІІ топ : 1. Қазақстан жеріндегі Тұран ойпаты, Бетпақ дала үстірті, Мұғалжар, Сауыр- Тарбағатай нысаналарын көрсет. 2. Қазақстан мен шектесетін мемлекеттер. 3. Шоқан Уәлихановтың суреті.
ІІІ топ : 1. Қазақстан жеріндегі Каспий маны ойпаты, Торғай үстірті, Маңгыстау таулары,Тянь-Шань таулардың нысаналарын көрсет . 2 Қазақстаның жалпы шекарасы 3.Қаныш Сәтбаев тың суреті
4.Келесі кезеңі " Мен - саған, сен-маған ". Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырып, мақала-мәтелдің жалғасын жалғастыру керек.
5. Ойлан да тап. Хатқа жауап. Бұл ойын да 3 топқа бірдей хат беріледі. Сөйлемде қалып қойған объектісі толтырып, картадан көрсету.
6. 《 Мүмкін, мүмкін емес 》. Бұл ойын шартында топ басшылары сұрақтарға тек мүмкін, мүмкін емес деп бір ғана жауап беру лері тиісті. 1. Алматы да Бәйтерек мұнарасының көшірмесі болуы мүмкін ба? 2. Қазақстан әлемде жер көлемі жағынан 9-шы орын алуы мүмкін Ба? 3. Адам маймылдан жаратылуы мүмкін ба? 4.Еліміз 2050 де 50 елдің қатарынан кіруі мүмкін ба? 5. Жер глобусты дәл үлгісі болуы мүмкін ба? 6. Африка да қазақтар мекен етуі мүмкін ба? 7. Жер өз білігін 24 сағатта айналып өтуін мүмкін ба? 8. Қазақстан да Памир тауларының болуы мүмкін ба?
7.ӘуенІн тап . Түрлі түсті қағазды таңдап, таңдаған түс артында келтірілген өлең шумақтарын әуені мен орындап береді. 1. Елім менің. 2.Атамекен 3.Жау жау жаңбыр
Мұғалімнің сөзі :
Ұшқыр ойға серік болсынға шеберлік,
Сөз кезегін, қазылар ға берейік.
Арамыз да тапқыш достар көп екен.
Соларды ң біз нәтижесі не көрейік дей келе енді қортынды сөзді кезегін әділ қазылайға береміз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі