Өлең, жыр, ақындар

Менің киімдерім

Новокубанка орта мектебі

3 «Б»  сынып Мұғалімі: Чавид Ж.

Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша сөйлесу әрекетіне жетелеу, оқушылардың сөздік қорын молайту, білімін тереңдету,грамматиканы толық меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, киімдердің суреті.
Сабақтың барысы:
 

І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Амандасу.
- Оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ашық сабақ. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр.
Біз бүгінгі сабақта сұрақтарға жауап береміз, әңгімелейміз, грамматикалық тақырыптарды қайталаймыз, жаттығуларды орындаймыз  және ойнаймыз.

ІІ. Тіл дамыту.
- Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айлары қандай?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктемде қандай мерекелер болады?
- Көктемнің бірінші айы қандай ай?

- Көктемде ең бірінші қандай гүл гүлдейді?
- Көктем саған ұнай ма?
 Сөзжұмбақ шешу:

\Көктемде ұшып келеді,

Жазда концерт береді.

                         Бұлбұл

Ақ сандығым ашылды,

Қызарып жалын шашылды.

                          Күн

Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ  сылқ  күледі.

                       Су

Қол аяғы жоқ болсада ,

Қақпа есікті аша алады.

                         Жел

Енді үй тапсырма бойынша тақпақтар жаттау керек болған: Наурыз, Сәуір, Мамыр.
ІІІ Үй жұмысын тексеру..
1. Алтын сандықтың  ішінен тек қана оқу құралдарын тауып аласыңдар
Сұрақ: Не? Не үшін керек?

170 бет 1 тапсырма Мәтінді аудару
Ү. Жаңа сабақ
1. Балалар, маған осындай сұрққа жауап беріңдер. Дүкенде не сатылады?(балалар жауап береді)
2. Егер, сен киімді дүкеннен өзіңе сатып алсаң, ол кімнің киімі болады?(балалар жауап береді)
3. Сонымен, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Менің киімдерім» деп аталады, ал грамматикалық тақырып «Зат есімнің тәуелдік жалғаулары».
Ендеше, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.
(Дәптерге күнді жаздыру)
4. Киімдерді есімізге түсірейік. (киім суреттер)

ІІ. Жаңа сөздермен жұмыс
Таза ұстау - содержать в чистоте
Ки (повелительная форма) – одень
Жуамын – мою, стираю

1. Сөздерді сөздіктерімізді ашып жазып аламыз  және жаңа сөздермен сөзтіркестермен  сөйлем құрастыру.
2. Сергіту сәті
3. Тапсырмалар орындау.. Мәтінді оқы, сөйлеп үйрен. Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды, содан кейін оқушылар кезекпен мәнерлеп оқиды. Аударады, сұрақтарға жауап береді.

       Бұл –менің киім шкафым. Онда менің киімдерім бар. Олар : тон, костюм , шалбар, жейде және етіктерім, туфлилерім. Етікті қыста киемін. Туфлиді күзде, жазда, көктемде киемін. Мен киімдерімді таза ұстаймын.

Үлестірме мәтін карточкалар.
- Бұл не?
- Киім шкафыңда не бар?
- Қандай киімдер бар?
- Сен киімдеріңді қалай ұстайсың?
Мәтін бойынша тапсырма: балалар, мәтіннен тәуелдеулі сөздерді табайық.

Грамматикалық тапсырма орындаймыз
Әр топқа бір сөзден : Көйлек

                                 Қолғап

Сюжет көрініс  «Киіміңді таза ұста»
Мұғалім: Адам киімдерін қалай күтеді? Ол таза ұстауы керек. Кірлесе жуып, костюмін ілгішке іліп, етікті шөткілеп тұру керек. (көрініс арқылы түсіндіру)

Флипчарт(пазлы)
- Берілген сөздердің дұрыс орындарын табу Әр сөз қай жаққа жатады екенін анықтау.
- Сөйлем құрастыру

Балаларды топқа бөліп тапсырма беру: "Қуыршақты киіндіру"

Жаз жыл мезгіліне     және көктем жыл мезгіліне екі топ  киіндіреді.
Не киді? Қай жыл мезгіліне сәйкес?
-отырған қонақтарға тапсырма беру:  Төрт мезгілге сәйкес киім үлгісін салу.

Оқушылар сол салған сурет бойынша әнгіме құрастыру.

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Не білдік?( симатикалық картамен коқыту)

Аттары

Етік

Көйлек

Тон

Жемпір

Туфли

Бәтеңке

Қолғап

Құлақшын

Шалбар

Жейде

Күрте

Костюм

Қалпақ

Байпақ

Белдемше

Сандал

 

Жаз

 

+

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс

 

 

+

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктем

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҮІІ. Үйге тапсырма. сөздерді жаттау.
ҮІІІ. Бағалау.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз