Атырау облысы
Махамбет ауданы
Чкалов атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жунусова Алмагул Тілекқабылқызы
7-сынып. Пәні:әдебиет
Тақырыбы: «Көксерек -табиғаттың тағы перзенті»
Мақсаты: Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау,шығарма мазмұнына,идеясына,тақырыбына талдау жасату.Табиғат пен адам арасындағы тартысты суреттеуі арқылы тіршілік үшін күресті өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.
Дамытушылық:Іскерлікке,бір-бірінің пікірін тыңдай білуге,өз ойын толық ашық айта ілуге баули отырып,біліктілік қасиеттерін арттыру:
Тәрбиелік:адам мен табиғат арасындағы байланысты,тепе-теңдікті,қайшылықты байқата отырып,сөйлеу,ойлау қабілеттерін дамыта отырып,адамгершілікке тәрбиелеу
Түрі:Қорытынды сабақ
Әдіс-тәсіл:ой қозғау,сұрақ-жауап,кері байланыс,сатылай кешенді талдау,өзіндік шығармашылық жұмыс,постер қорғау,іздену.
Көрнекілігі:слайд шоу.М.Әуезовтің портреті.еңбектері. «Аңыз адам»журналы
Пәнаралық байланыс:биология,әдебиет теориясы,орыс тілі
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Сыныпты геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын сұрау,тексеру
Қасқыр
1.Анықтама. Қасқыр - сүт қоректілер класына жататын, баласын сүтпен асырайтын, жоғарғы сатыдағы жыртқыш жануар.
2.Сөзтаным. А) Арлан, көкжал, бірішек – қасқырдың еркегі.
Б) Абадан – қасқырдың көсемі.
В) Бөлтірік – күшігі.
Г) Шулан, құртқа – қаншығы.
Ғ) Ұлыма, бөрі, итқұс – табу сөздер.
3.Таралуы. Барлық құрлықта таралған.
4.Сезім мүшелері: Иіс сезу, көру, есту мүшелері жақсы жетілген.
5.Көбеюі: көктемде күшіктейді.
6.Пайдасы. Қасқырлар санитарлық қызмет атқарады. Терісі пайдалы.
7.Зияны. Адам өміріне қауіп төндіреді.
8.Қорытынды. Қасқыр – жыртқыш аң.
2 тапсырма мәтінмен жұмыс.
1.Мал атаулары:қозы,қой,тайынша,сиыр,бұзау,жылқы
2.Географиялық атаулар:Қарадыр,Ащы көл,Ақсораң, Тастықұдық
3.Өсімдік атаулар:Бозқараған,тобылғы,итмұрын,сасыр,жуа,ши
4.Әңгіменің тілі,көркемдік ерекшелігі: табиғат суреті-пейзаж,монолог,диалог,еліктеуіш сөздер,күрделі сын есімдер,теңеу сөздер,синонимдер
ІІ. «Кубизм» әдісі
1.Суретте-Көксеректің портретін суреттеңіз
2.Салыстыр-Көксерек пен Аққасқаны салыстыр
3.Зертте-Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
4.Қолдан-Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?
5.Дәлелде-Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
6.Талда-Көксеректің қатыгездігін қай жерден көреміз?
ІІІ.Топтық жұмыс І топ “Табиғат”
Көркем шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды
Көксерек
1.Әңгіменің басталуы:Қарадыр қасқырлар мекені.Тағылар тірлігі
2.Әңгіменің дамуы:Көксеректің ауыл тұрғыны болуы.Қаталдық.
3.Әңгіменің байланысы:Көксеректің бірнеше рет жоғалып кетуі.Қасқырларға қосылуы.
4.Әңгіменің шиеленісуі:Көксеректің Аққасқырмен қосылып ауылды шулатуы.
5.Шарықтау шегі:Ұяластарымен тез табысуы.
6.Әңгіменің шешімі: Құрмаштың қазасы.Әже зары.
ІІ Топ “Адам” Семантикалық карта толтырады
№ |
Кейіпкер сөзі |
Ауыл адамдары |
Жұмаш |
Әжесі |
Бесенбай |
1 |
Қуарған –ай,неңді алып ем?Не жазып ем? |
+ |
|
||
2 |
Кәпір қырыс,неме,кеудесін бермейді,жасымайды. |
+ |
|
||
3 |
Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл боп кетіпті,тұқымын сезген екен,мұны өлтіріп,терісін алайық |
+ |
|
||
4 |
Қасқырың болса қайтейін,менің қара ала төбетім бір-ақ соғады. Арашалай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. |
+ |
|
||
5 |
Іздегендеріңнің өзі-сол,бәрін істеп жүрген сол.Енді соны бір қолға берсе-ау! |
|
ІІІ ТОП “Қасқыр”
“Жұртта талқылау”кестесімен жұмыстанады
Берілген мағына |
Оның мағынасы |
Құрмаш |
Көксеректі асыраған бала.Басты кейіпкер |
Көксерек |
Адамдар ауылға әкелген күшік.Құрмаш асыраған қасқырдың күшігі |
Қасен |
Аңшы.Қасырды ұстаған |
Құрмаштың әжесі |
Құрмаштың әжесі.Зарлап қалған жазықсыз жан. |
ІҮ. «Дөңгелек үстел» (берілген суретбойынша ойды жалғастыру)
Ү. «Соңғы сөзді мен айтам!» сұраққа нақты жауап беру
1.Әңгіме қалай аяқталады?
2.Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
3.Қандай жағдайда Құрмаш өлмес еді деп ойлайсыз?
4.Ауыл адамдарының іс-әрекетін құптауға бола ма?
5.Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?
6.Қасқыр туралы қандай әңгіме,кино аттарын білесіздер?
7.Қасқыр туралы қандай мақал-мәтел білесіздер?
ҮІ. «Екі жұлдыз,бір тілек» екі сұрақ,бір тілек айту
ҮІІ. ҮІ.Үйге тапсырма: “Ойтолғау”
Тақырыбы“Қасқырдан сақтағанша,қасқыр
кейпіндегі адамнан сақтанайық! “
ҮІІ.Бағалау
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі