Өлең, жыр, ақындар

Менің Отаным - Қазақстан

Сабақ тақырыбы:   Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: 
Білімділік:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын, туған жерін қорғай білуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Халқымыздың талантты  ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған  даналық сөздері арқылы оқушыларды  ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер,  Астана суреттері.

Түрі: ауызша журнал
Әдісі: әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ауызша  журналдың 1-ші беті

Психологиялық дайындық : «Шаттық » шеңбер құру

Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бірүйде біз тұрамыз.
      Құт, береке-шаңырақ,
      Орын алған ол төрде.
      Билігім өз қолымда-
      Еркіндігім- Елімнің!    
Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар.Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қараса-ақ, әр жылдыңөз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардыңұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.
2. Ауызша  журналдың 2-ші беті

2.1 «Туған елдің табиғаты» шолу.

Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкенкөлдер, өзендер бар. Республикамызөсімдікке, жануарларға ,қазбабайлыққабай.Осы ҚР-ныңжасұланыекенімдімақтанетем. Оның бай тарихынзердеметүйіп, ертеңгіазаматыболуүшінбілімаламын, еңбекетемін. Кешегітарихжолындаелдің ел болуынақызмететкенхалқымыздыңасылұлдарынаұқсапөсемін.

ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстыңөз байлығы бар, соған тоқталайық.
Алматы- жері жайсаң облыс,
Ақтөбе- өлке ақ тарысы-мол ырыс,
Атырау-мол қазақстан мұнайы,
Жамбыл-жайлау, қазыналы, шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау- көп көгілдір көл аймағы.
Қарағанды-қара алтынның қоймасы.
Қостанай-құт қызыл бидай қамбасы,
Қызылорда-күрішті сыр сағасы,
Орал-көне Ақ Жайықты жағасы.
Өскемен- өр шығыста Алтай аясы,
Павлодар- қара Ертістің саясы,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Ақмола- Арқада ыстық алқабы,
Шымкент- ыстық оңтүстігім мақталы.
2.2 «Халықтар  достығы»Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.

3. Ауызша  журналдың 3-ші беті

3.1.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.
1991жылы  1- желтоқсанда республикамыздабүкілхалықтық президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқыныңғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінініңтабиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттыққарым-қатынас жүргізе алады. 

3.2.Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері-   Елтаңбасы, Туы, Гимні    бар.
1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. 
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков 
   Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған. 
 Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын

Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

3.3. Ата Заңға – 20 жыл.

1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заңқабылданды.

  3.4. Қазақ хандығының  550 жылдығы.

Абылай сынды ақылгөй ханы бар. Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді  білесіңдер.
3.5. 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ныңұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

3.6. Асқақтай бер, Астана

Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:
Жаса Қазақстан,
Жаса, менің ұлы елім!

 

4. Ауызша  журналдың 4-ші беті. Ғарышты игеру

4.1    Лайка —  ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. 1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар:  Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.

 4.2 Юрий  Гагарин адамзат баласындағы  тұңғыш ғарышкер.

4.3. 1991жылы қазан айындатұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самсаған.

Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы,  «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы , «Отан» ордені (1995),  Кеңес Одағының: «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987),«Герой Советского Союза» (Кеңес Одағының Ері) атағы (1988),«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988), Ленин» ордені (1988),«Заслуженный Летчик-испытатель СССР» (КСРО еңбегі сіңірген сынаушы ұшқыш) (1990), «Летчик-космонавт СССР» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991),  «Октябрьская революция» (Қазан революциясы) ордені (1991)

Ресейдің: «Золотая Звезда» (АлтынЖұлдыз) медалі (1995)

Аустрия Республикасының:«Алтын Крест» ордені 1988),«Алтын Крест» ордені (1993).

4.4. Ғарышкер - Талғат Мұсабаев.

Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.

1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.1998 ж. ғарышқа 2-ші ретұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күнғарыштаөткізген. Гиннестіңүздіктабыстаркітәбіндебірайдыңішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөтұзақтығыменашықғарышқашыққанныжазылыпалынған.Ұшқандаамериканғарышкері Л. Эйартс пен ресейғарышкері (шувашұлтыныныңөкілі) Николай Бударинменбірге. Қонғандаресейғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге. 2001 ж. ғарышқа 3-ші ретұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күнғарыштаөткізген.

Марапаттары:Қазақстан Республикасы «Халық Қаһарманы» атағы (1995), «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы (1995),«Отан» ордені (1998), «Барыс» 1-ші дәрежеліордені,«Астана» медалі (1999),

РесейФедерациясы:«Дружба народов» ордені (1991),  «Герой Российской Федерации» атағы (1994),  «Лётчик-Космонавт РФ» (1994),«За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежеліордені (1998),«За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежеліордені

АустрияРеспубликасы:Аустрия Республикасының ордені

Америка Құрама Штаттары:«Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)

5. Ауызша  журналдың 5-ші беті.  Сабақты бекіту.

Т-білдіреді теңдікті

Ә-әдептілікәлдікті

У-уайымсыз уақытты

Е-егемендік, елдікті

Л-дейді лағып, лепірме

С-сенімділік секілді ең

І-ілкімді боп сақтыққа

З-зиялылық тілекқой

Д-шақырады достыққа

І-ілкімді боп сақтыққа

К-дейді күн бол көктегі,көз алартпа көршілерге қол сұқпа.

6.Қорытынды:     Үш бақытым.

Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
 -Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!
 

7. Үйге тапсырма: Қосымша материалдар оқу, жинақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз