Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы:3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: С.Мәуленов «Дала жұлдызы»
Сабақтың мақсаты:
І.Білімділік:Оқушыларға Ыбырайдың өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып, оқуға деген қызығушылығын ояту.
ІІ.Дамытушылық: Ой – өрісін дамыта отырып, сөздік қорын молайтып, пікірлерін еркін айтып, көз – қарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.
ІІІ.Тәрбиелік: Ағартушы, мұғалім еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті,Ыбырай кітаптары, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5» - ке қолды жеткізу!
ІІ. Үй тапсырмасын текеру: А. Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өленің жатқа сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту:
Ахмет Байтұрсынұлы кім?
Қандай қызмет атқарған?
Қандай оқулық жазған?
Қандай шығармаларын білесің?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Жаңа сабақтын мақсатын, тақырыбын айту. С.Мәуленов. «Дала жұлдызы»
ІҮ. Жаңа сабақ: Оқушылар Ыбырай туралы не білетіндерін ассоциация жазады. Ол туралы ой бөліседі.
Сөзжұмбақ шешу.
- Қане, балалар мына берілген сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын білеміз.
1. Абылайдың Қабанбайға қойған аты.
2. Қазақтың ұлы заңғар ақыны.
3. «Малта» өлеңінің авторы.
4. Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар! - өмірден қасқиып өткен желтоқсан құрбаны.
5. «Халқымыз бізді қонаққа жіберген жоқ. Майданға халық бақытын қорғауға жіберді.» - деп қай қазақ батыры айтқан еді.
6. Абайдың шешесі.
7. Б.Майлиннің шығармасы.
8. ..... - өшпес жарық, кетпес байлық.
9. «Дүниенің төрт бұрышын тірей туған ұл» - кімге қатысты айтылған сөз?
10. М. Әуезовтің атасы.
11. Жорықтарда үнемі жолы болып, жеңіске жетіп жүрген ақжолтай батыр.
Олай болса біз бүгін С.Мәуленов ағаларыңның «Дала жұлдызы» әңгімесімен танысамыз.
Автормен таныстыру
С. Мәуленов 1922 жылы Торғай облысының Жанкелдин ауданында туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Ақкөл», «Ізгілік», «Өмірімдей өзімнің» т. с. с. шығармалардың авторы.
Ү.Оқулықпен жұмыс:
«Дала жұлдызы» -мәтін
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
Сөздікпен жұмыс:
Қараңғы – бұл жерде: оқымаған, сауатсыз, білімсіз
ҮІ.Сергіту сәті:Көңілді күн
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту: Мәтінде кім туралы әңгімеленген?
Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төмендегі үлгі бойынша ата-ана
Мәтін кейіпкерлері |
Ол кім? |
Ыбырай Алтынсарин ................. ................... |
........... |
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
Суретпен жұмыс:
Суреттегі адамдарға ат қой.
Бұл сурет әңгімедегі қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың?
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.
ІХ.Үй тапсырмасы: Мәтіннің мазмұнын айту. Ыбырай Алтынсариннің өмір – баянын жазып келу.
Х.Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі