Өлең, жыр, ақындар

«Өз Астанам-өз ордам» 89-91- жаттығулар

Шымкент қаласы

№103 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Хаджимуканова Айжан

 

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:  «Өз Астанам-өз ордам»  89-91- жаттығулар

Жалпы мақсаты:

1. Оқушылардың өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру. Сөздерді буынға бөліп, дұрыс тасымалдауды үйрету

2. Ақынның жан тебіренісін сезіндіру. Патриоттық сезімін ояту

3. Көркем жазуға жаттықтыру. Топпен, жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру

Сабақ әдісі:  Топпен жұмыс, ребус шешу, кубизм стратегиясы

Керекті жабдықтар: жұмбақтар, буклет, Астана суреттері, кеспе қағаздар

Сабақ барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі

А)  Сәлемдесу  Ә) гимнді орындау Б) топқа бөлу

2. Үй тапсырмасын сұрау

« Кубизм стратегиясы» бойынша сұрақ-жауап

1. Елтаңба өлеңін мәнерлеп оқып бер

2. Буын дегеніміз не?

3. У,Ң, Й дыбыстарының нешінші буында тұрғанын айт. Қайық, дәуіт, тауық, қоңыз

4. Қазақстан рәміздерін ата.

3. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Жұмбақ жасыру. Жұмбақтарды шешіп, бас әріптерін қосып оқыту.

Астана сөзі шығады.

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға оқулықтағы өлеңді мәнерлеп  оқуға береді.

Өлеңде Астана туралы не айтылған?

Астана жайында білетініңді әңгімеле.

Астана сөзі жазу жолына сыймаса, қалай жазасың?

Ережені мұғалім түсіндіріп өтеді.

Сұрақтарға жауап береді.

 

Дәптермен жұмыс

90-жаттығу

Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жаз.

Дәптермен жұмыс жүргізеді

Ас-тана, Аста-на; бо-лашақ, бола-шақ; бе-реке, бере-ке; бос-тандық, бостан-дық.

Сергіту сәті

Музыкалық би қимылдарын көрсетеді.

Оқушылар қарап, іс – қимылдарды қайталайды.

 

Шығармашылық тапсырма

Топтастыру

Астанада бәйтерек, хан шатыры, пирамида, конгресс холл бар

Буын санына қарай, тасымал түрлерін ажыратады.

Қорытынды  

Бүгін біз не үйрендік?

Үйге тапсырма 

Өлеңді мәнерлеп оқу. 91-жаттығу

Бағалау          

Өз-өзін бағалайды, смайликтерді бояйды.

Жақсы қатысқан топқа Қазақстан жалауын сыйға беру


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз