Өлең, жыр, ақындар

Шешендік сөздер. Сырым шешен. Балаби мен Сырым

Әлдекешова Индира Жұмағалиқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы Сырдария ауданы

Сыныбы: 4

Күні:

Сабақтың аты

Шешендік сөздер. Сырым шешен. Балаби  мен Сырым

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Оқушыларға  адамгершілікті, имандылықты  ғибрат ету. Дұрыс сөйлеу өнерін  үйрету. Тосын мәселе тапсырмасы  арқылы балаларды  кез-келген  қиындықтан  шыға білуге  баулу.  Бос сөз сөйлеуден  жирендіру, тауып сөйлеуге төселдіру.

Күтілетін нәтиже

Мәтінді оқиды, түсіндіреді,  топта талқылайды. Рөлге бөледі және сахналайды.

Негізгі идеялар

Тауып сөйлеуге төселдіру

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

  1. Топтастыру:   «Сөз»
  2. Мағынаны тану
  3. Мақсат қойып мәтінді оқу
  4. Топтық тапсырмалар
  5. “Жұмбақтас”   Негізгі ой.
  6. Шешендікке ұмтылу

Тапсырмалар

 Рөлге бөліп оқу. Сахналау.

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: ( мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.  Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу. 

    Геомертиялық фигуралар арқылы  оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен материалды пысықтау

Тарауды қайталауға арналған сұрақтар.

  1. Батырға серік болған пырақтарды ата.
  2. Қабанбай заманының батырларын ата
  3. Тарауда танысқан:
  • Атақты батырлар кімдер?
  • Атақты кино әртісі кім?
  • Атақты әнші кім?
  • Бір ғасыр өмір сүрген кім?
  • Атақты тары өсіруші кім?

ІІІ. Жаңа сабақ 

  • Балалар, күнделікті өмірде  біз ойымызды сөз арқылы жеткіземіз. Ал сөздер қандай болады?
  • Топтастыру:

                                  

  • “Дастан мен Асан өзен жағасында кітап оқып отыр еді. Дастан кітапты

              жағадағы тас үстіне қоя бергенде, кітап суға түсіп кетті де, жоқ  болды.

  •  Кітапты сен түсірдің,  сен кінәлісің – деп ашуланды Асан.
  •  Кітапты алмай-ақ қоялық дегенімде  сен болмап едің, ендеше сен кінәлісің,- деді Дастан ренжіп.”
  •  Балалар, осы дауды сендер қалай шешер едіңдер?

Мағынаны тану

Топтық тапсырмалар

І топ:Алты ұлы сөзді қалай   түсінесің?

ІІ топ:

Парыз дегенді қалай түсінесің?

ІІІ топ:

Ақылды неге ұққан адамға айтады?

ІІ тапсырма “Жұмбақтас”

Адамның басшысы

Сабыр

Жетекшісі

Халық

Шолушысы

Арман

Қорғаушысы

 Ақыл 

Сынаушысы

 Халық

Таусылмайтыны

Арман

Ең қымбаттысы

Ар сақтау

 

Ата-ананың қадірін

Дәл жеткенде білерсің

 Бостандықтың қадірін

 Сән кеткенде  білерсің

Дәулетіңнің қадірін

Жан кеткенде білерсің

Ажарыңның қадірін

 Балалы болсаң білерсің

Тіршіліктің қадірін

Мал кеткенде білерсің

 Аңдып жүрген дұшпанды

Жазалы болсаң білерсің

 

ІІІ тапсырма   

1- сұрақ   Адам үшін  не тәтті?

2-сұрақ   Жарық анасы не?

                Қараңғы анасы не?

ІҮ тапсырма.

Шешендікке ұмтылу

І топ  1, 2, 3

ІІ топ 4, 5, 6

ІІІ топ 7, 8, 9, 10

Қорытынды.       Түйін сөз

                        Сөз – есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,

                         Тыймаған тіл – басыңа сор әр тұста

                         Есепті сөз – ер сөзінің асылы,

                         Мылжың тілді “жау” деп ұғын та       (А. Жүгінеки)

   Бағалау.

   Үйге тапсырма беру

 

Сабақтың өзіндік талдауы:

  Шешендік сөздер тақырыбы бойынша  өткен сабағымның мақсаты оқушыларға  адамгершілікті, имандылықты  ғибрат ету, дұрыс сөйлеу өнерін  үйрету,  тосын мәселе тапсырмасы  арқылы балаларды  кез-келген  қиындықтан  шыға білуге  баулу және  бос сөз сөйлеуден  жирендіру, тауып сөйлеуге төселдіру болатын. Мақсатыма жеттім, оқушылар толық сабаққа қатысып, қажетті мәліметтерді ала алды деп ойлаймын.Топқа бөлу кезінде, топпен жұмыс жасағанда  еш қиындық байқалмады.  Үлгерімі орта  екі оқушым   топпен жұмыс жасауда  белсенділік танытты.  

Оқушыларды  геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлдім. Жаңа сабақты қызығушылықтарын  ояту мақсатында топтастыру әдісін қолдандым. Бұл тапсырманы орындау барысында  сөзге оқушылар  жылатып айтатын сөз, сүйектен өтетін сөз, асыл сөз, қанатты сөз,  өлмейтін сөз, шешендік сөз деп топтастырды. Мен оларға  жағдаятты шешуге тапсырма бергенде  олар  даулы жағдаятты  топта  қызығушылықпен талқылап, үш  топ та   жақсы деңгейде жауап берді.Мағынаны тану әдісінде Сырым шешеннің өмірімен таныстырдым. Топтық тапсырмаларда  күрделі сұрақтар беру арқылы топ арасында талқылауды ұсындым. Екінші топтық тапсырманы  «Жұмбақтас» деп алдым. Мұнда оқушылар топ аралық жарыспен орындап, белсенділік танытты және өзара ынтымақтастық орнады.  Сонымен қатар  әрқайсысына өз пікірін  айтуға мүмкіндік бердім.Үшінші және төртінші  тапсырмалар ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты болды. Бұл тапсырмаларда Айдана мен Әділеттің, Дидар мен Нұртастың алғырлығын байқадым.  Бұл сабақта оқушыларды жұлдызша тарату арқылы және бағдаршам ( қызыл, жасыл, сары) бағаладым. Сабақты  бұдан да сәттірек ұйымдастыруға  болатын жағдайлар бар болды, бірақ тәлімгеріммен талдау жасау барысында  мен  келесі сабақта жөндеуге тырысамын деп ойлаймын.  Біріншіден мен топтық жұмысты ұйымдастыруды түсіндім. Екіншіден сыныпта жайлы атмосфера  қалыптасатынын байқадым.

 Мен орта мерзімді жоспардың  тиімділігіне көзім жетті.  Топпен жұмыс жасаудың  қызықты әрі оңай оқушылардың бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндігі  болатындығына көзім жетті.

            


Пікірлер (2)

аяулым қалдыбай

менің ойымша мұғалім өте жақсы ашық сабақ өткен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз