Өлең, жыр, ақындар

Хор үйірмесі

ШҚО, Семей қаласы, № 35 ЖОББМ КММ

Шакпакбаева Назигуль Жангалиевна

 

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:  Хор үйірмесі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: тақырып бойынша  мәлімет бере отырып, сөз таптарын бекіту, жалғауларды және сөйлем түрлерін  қайталау, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

 ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын  қалыптастыру;

б) тәрбиелік: мектепішілік үйірмелерге қызығушылығын арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс, ауызша, жазбаша, ізденіс, тест.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық, кеспелер,  интербелсенді тақта, жұмыс парағы, бағалау парағы

Интеграциялық байланысы: орыс тілі

 

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме, балалар!  Қалдарың қалай?
 ІІ. Үй жұмысын тексерейік!

- Балалар өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? Дұрыс  айтасың.
- Өткен сабақта «Мектептегі үйірмелер» тақырыбын өттік. 

(диалог құрастыру, сұрақтар құрастыру).
1.Топпен жұмысҚұрастырған сұрақтарға жауап беру. Әр топ өз сұрақтарын қарсылас топқа қояды.

2.Диалогты айту.

3. Үйірмелерсөзін септеу, тәуелдеу, фонетикалық талдау жасау.

ІІІ. Енді жаңа сабақты бастаймыз!
1. Суретпен жұмыс. Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға «Сөз қоржыны» өзінің тапсырмаларын  орындауға жіберіпті.  (Слайдттар бойынша сабақ тақырыбын анықтау).

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Хор үйірмесі»
Сабақтың барысымен таныстыру.
- Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі тақырыпты жазыңдар.

2. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

3. Мәтінмен жұмыс. Оқу, түсініксіз сөздерге тоқталу.

Біздің мектепте хор үйірмесі бар. Музыка кабинетінде хор сабақтары өтеді. 

Үйірмеде балалар әртүрлі өлең  айтады.  Хор  дүйсенбі күні болады. 

Біздің  оқушылар хор үйірмесіне  қатысады.

4. Аудару.

5. Сұрақтар құрастыру.

6.Топпен жұмыс.  Синтаксистік талдау.

7. Жайылма сөйлемдерден жалаң сөйлем жасау.

8.Әріп диктанты. 
Сур...т  салу, ша..ғы тебу, асы...  ойнау,  ...н   айту,  торт п..с..ру,  конструктор қ..растыру.

9. Түсіп қалған дыбыстарды анықтау. (е-дауысты, жіңішке, ашық, езулік; ң- дауыссыз, үнді; қ- дауыссыз, қатаң; ә- дауысты, жәңішке, ашық, езулік; і –дауысты, қысаң, езулік; а- дауысты, жуан, езулік)

ІV. Бекіту бөлімі.

1.«Адасқан жалғаулар» ойыны ойнайық!
«Іс» сөзіне тәуелдік жалғауын дұрыс қосып жазайық!

Менің  іс+ іңіз
Сенің   іс+ ім
Сіздің   іс+ ің
Оның   іс+ і

2.«Етістіктер елінде» ойыны

Берілген етістіктерді келер шақта жіктеу, жекеше түрде.

Әнайту,  сурет салу, ойнау.

3.«Кім тапқыр?»ойыны.Жалғау түрлерін  табу.

Адамның,  ісім, суреттер, үйірмелер, сабақтар.

4. Электронды тренажер бойынша тапсырмалар.

V. Үйге тапсырма.

 «Хор үйірмесі»  мәтінін  мазмұндау. Әркім өзінің қатысып жүрген үйірмесі туралы жазып келсін. Ережелерді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі.  Әр топ басшысы өз тобындағы баланы бағалау парағы бойынша бағалап, қорытындысын айтады. 

VІІ. Сабақты  қорытындылау

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз