Сабақ тақырыбы: Желтоқсан құрбандары
Сабақ мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: прессконференция
Сабақтың көрнекілігі:бүктеме, суреттер, кітап көрмесі Желтоқсан құрбандарының суреті, мақал- мәтелдер, Қазақстан рәміздерінің суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1986 жылы желтоқсанның 17-18 күні көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі - Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Бүгінгі біздің 16 - желтоқсан құрбандарын еске ала отырып «Желтоқсан құрбандары» атты шағын тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер!
Әнұраным- жан ұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.
(Әнұран орындалады)
Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қамықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын , оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақ немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды. Міне сіздер өздеріңіз осы:
1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?
2. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?
3. Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді ?
4. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?
5. Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай? - деген сұраққа өздеріңіз тапқан жауаптарыңызды ортаға салуға шақырамын. Сонымен ортаға
Тарихшы – А.Сағындықова
Саясаттанушы – А.Утегенова
Дәрігер – Н.Нұрбекова
Желтоқсан куәгері – А.Орынбасарова
Тілші – М.Сембаев
Сарапшы – А.Еңсепова
Әдебиетші – О.Құттыбаева
Клип: «Желтоқсан көтерілісі»
Тарихшылар: Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады. Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК ( Кеңес одағы коммунистік партиясы орталық комитеті) нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК (коммунистік партиясы орталық комитеті) пленум барысында Қазақстанды 40- жылдай басқарған Д.Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады.
Жүргізуші: Г.В. Колбин – ол кім? Қайдан келген? - деген сұрақ туындайды.
Тарихшы: Колбин Г.В. жайлы тарихи анықтама береді.
Колбин Геннадий Васильевич (7.5.1927, Свердлов облысы Нижний Тагил қаласы – 19.1.1998, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер. Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы (1986 – 89). Нижний Тагил Тау металлургия техникумын (1947), Урал политехникалық институтын (1955) бітірген. 1947 – 54 ж. және 1957 – 58 ж. Нижний Тагилдегі қорғаныс кәсіпорнында конструктор - технолог, технология бюроның бастығы, бас инженердің орынбасары, 1956 – 57 ж. Урал политехникалық институтында аспирант болды. 1959 – 70 ж. Нижний Тагилдегі Ленин ауданында екінші, бірінші хатшы, қалалық партия ұйымының екінші, бірінші хатшысы, 1970 – 75 ж. Свердловск облысы партия комитетінің үшінші, екінші хатшысы, 1975 – 83 ж. Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы, 1983 – 86 ж. Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1986 – 89 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы, 1989 – 90 ж. КСРО Халықтық Бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А. Қонаевтың орнына келді. Оның билігі кезіндегі қысымда қазақтардың ұлттық санасы көтеріліп, 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы белең алды. Қазақтар республикадағы жетекші ұлтқа айнала бастады. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (Қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар). Бірақ бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қазақстандағы саяси жағдайдың одан әрі у шығуынан қауіптенген КОКП ОК К - ді Мәскеуге алдыртып, орнына Н.Назарбаевты қоюға мәжбүр болды. Екі рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Саясаттанушы: 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді. Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.
Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.
Клип: «Желтоқсан тағылымы»
Дәрігер: Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді?
17-18 желтоқсанда Алматыда дәрігерлік көмекке жалпы: 286-адам ,213-ер, 73-әйел, 281- қазақ, 2-орыс, 1-шешен, 1-түркмен,1-армян, 86- жұмысшы, 79- судент, 21-қызметкер, 15-оқушы, 82-анықталмағандар болса...
Емханаға жатқызғандар: 83-адам 73 –ер 11-әйел 82-қазақ, 1- башқұрт, 22- Жоғарғы оқу орнының студенттері, 12- техникум студенті,2- оқушы, 13-қызметкер, 70- жұмысшы, 1-колхозшы, 1- жұмыссыз
Жарақат түрлері көбіне: Миы шайқалған , Қолдары немесе бармақтары сынған, Бас сүйегі зақымданған, Ішінен жарақаттанған, Қатты ұрылған, Қабырғалары сынған, Бел омыртқасына зақым келген, Бүкіл денесі жарақаттанған, жағы сынған, Бет-ауызы жарақаттанаған, Терілері сыдырылған т.б. жарақат түрлерімен көмекке келгендігі анықталды бұл мағлұматтар сол кездегі денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы: М.Алиевтің 1986 жылғы 24 желтоқсанда берілген есебінде көрсетілген фактілер.
Осы жағдайға қарай отырып жастардың бейбіт шерулері қанды қақтығысқа айналғандығын анықтауға болады.
Желтоқсан құрбаны: Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?
Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай, Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертай т.б. тоқталып кетуге болады.
Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта 8-жылдық білім алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери қатарға алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады.Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6- ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:
1. Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы, 1961 туған 39 құрлыс- монтаж басқармасының ағаш шебері - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
2. ТайжұмаевЖамбылбек Қожамжарұлы 1962 жылы туған Алматы энерго-құрылыс техникумының 3-+ курс студенті- 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
3. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең ауыр- өлім жазасына кесілді
4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959 жылғы, - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-3 жылға, 65-бап-12 жылға, 15,88 ч.1 п. В және 17, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-14жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
5. Көпесбаев Ертай Тәңірбергенұлы 1966 жылығы, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-4 жылға, бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
Клип: «Желтоқсан құрбандары»
Тілші: Желтоқсан жаңғырығы шет елдерге де жетті. Шет ел азаматтары алаңға шығушыларға қолданған шараларға өз наразылықтарын, әсіресе 6-ай жүрген тергеуден соң қазақ түрік баласы Қайраттың өлім жазасына кесілуі қатты қобалжытты. Атап айтатын болсақ: Польша, Венгрия, Чехия, Түркия, Батыс Германиядағы түрік елі комитеттері М.С.Горбачевке өлім жазасына кесілген қазақ студентіне кешірім беру жөнінде мәлімдеме хат жіберді. Чехия «Харти -77 Польша-Бостандық пен бейбітшілік үшін күрес ұйымы-70 поляк өкілдерінің қолымен үндеулерін Кеңес Одағына жолдады.
1987 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Қайратқа кесілген өлім жазасы 20 жыл бас бостандығын айырумен ауыстырылады.
Сарапшы: Қайраттың құпия өлімі. 1987 жылы Семей қаласының түрмесінде 21 камерада көршісі Власенконың ішк иіміне асылынып өлген. Бұл Кешірім күтіп отырған Қайратқа ұқсамайды. Неге біз бұл жағдайды құпия өлім деп отырмыз. Қайраттың тергеу кезінде жазған хаты мен соңғы қоштасу хатын салыстыратын болсақ: Қайрат әр кезде 2-3 жол сайын туысқандардың жағдайын сұраған. Өзін ақтайтындығына күмәні болмаған өмір сүйгіш Қайрат кенет өзіне- өзі қол салған. Осы жағдайды қарастыра отырып, мынандай келеңсіз жағдайға тоқталуға болады.:
1. Қолтаңбалары ұқсамайды.
2 Жазу стилі басқаша: хат Семейліктердің диаліктісіне ұқсақ Қайрат болса Оңтүстік Қазақстан жігіті.
3 Власенко Қайрат соңғы хатын целофанға орап Жеп қойған десе, ал соңғы хат таза әрі умаждалмаған болса керек.
4. Власенко өз іш киімін Қайратқа оның таза іш киімі юболмағандықтан берген десе, Подполковник Кутько т.б қол қойған актіде Қайраттың сөмкесінде бірнеше іш киім бар екендігі жазылған Осы жағдайдың барлығы Қайратты кім өлтірді ? -деген сұрақ тудырады. Осы сияқты кезінде беті ашылмаған желтоқсанға байланысты сұрақтарға жауаптар жаңадан ашылынып жатыр. Оның бәрі қолымыз жеткен тәуелсіздігімізде.
Сарапшы: Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай?
Жалпы желтоқсандықтардың мақсаты - өз алдына демократиялық мемлекет болмақ. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қол жеткізе алмаған тәуелсіздікке қол жеткізу болатын. Желтоқсан оқиғасы Қазақстандықтардың есінен кетпейтін, ауыр және қайғылы жағдайлары. Дегенмен де «Желтоқсан партиясы» құрылып қазақ азаматтары және депутат М.Шахановтың күшімен көптеген желтоқсаншылар тізімі жасалынып , мемлекет оларды ақтағандығына не жетсін. Осыған орай мемлекетіміздің тарапынан:
1. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жазаланғандарды түгелдей ақтады.»
2. 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының жаңару күні.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы Қ.Н.Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгісі - «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы «1986 жылығы желтоқсан оқиғалары кезінде Республиканың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен азаматтық ерлігі үшін Алматы сәулет-құрылыс интитутының бұрынға студенті Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке /марқұм/ жоғары ерекшелік белгісі-«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі- «Алтын жұлдыз» тапсырылсын»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жыл 9- желтоқсан.
4. 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай Алматы қаласында – Желтоқсаншыларға арналған ескерткіш ашылды.
Бұл желтоқсан құрбандары мен, Қайратқа көрсетілген құрметтердің тек бастауын беру туралы. Қазіргі таңда желтоқсан құрбандарының атағына ие болған мектеп, аудан, көше аттарын жиі кездестіруге болады. Осы Азаматтардың атаған ақтауға ерендей еңбек қосқан М. Шаханов ағамыз бастаған қазақ зиялыларының үлесі зор десем артық болмас.
Әдебиетшілер: Сондай - ақ қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты қазақстандық ақын жазушылар өздерінің өлең жолдарын, әңгіме, мақалаларын арнауда. Сол 1986 жылы желтоқсаннан кейін «Қара бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан желі» әндерінің жарық көрсе , қазақ жастары алаңда Шәмшінің әні «Қазақстанымды» орындаған. Қазіргі таңды бұл ән мемлекеттік гинге айналуы да бекерге емес.
Клип: «Желтоқсан шері»
Көрермен оқушылардың сұрақтары:
1-оқушы: Құрметті, тарихшы. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі неде?
2-оқушы: Желтоқсан оқиғасы тек алматы қаласында ғана болды ма, басқа қалаларда да толқу өтті ме?
Тарихшы: Алматы қаласымен қатар Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында да толқу боып өтті.
3-оқушы: Құрметті сарапшы! Желтоқсан оқиғасын басуға қатысқан әскери адамдардың саны қанша болды?
Сарапшы: Сол кездегі Ішкі Істер министрінің орынбасарының мәліметі бойынша тосқауылға 5500 адам жетпеген. Қазақтың нашақор жастары орыстарды қырып, жойып барады деген хабар таратуды Мендібаевқа міндеттеген. 22 өрт сөндіргіш машинамен су шашу операциясы түнгі сағат он бірге дейін жалғасқан. Болмаған соң қырып-жойыңдар деп бұйрық берілді.
4-оқушы: Желтоқсан оқиғасын қандай операция деп атады?
Саясатшы: «Құйын-1986» операциясы деп атады.
5-оқушы: Сіздің ойыңызша 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына басты кінәлі кім?
Әдебиетші: Тоталитарлық жүйе.
1-оқушы: Сол желтоқсан күндерінің қасіретті салдары қазір сізге белгілі. Сол туралы айтып беріңізші.
Саясатшы: 3 адам алаңдағы қақтығыста өлді. Тағы да үшеуі сол күндері қаза тапты. Желтоқсан оқиғаларынан кейін жыл бойы ішкі істер органдары фамилиясын, тіпті нөмірлерін көрсетпестен тағы да 58 адамды көмді деген күдігіміз бар. Тіпті мәйітті ешкім танымаған жағдайда ол нөмірленетіні белгілі
2-оқушы: Құрметті желтоқсан куәгері, сіз Желтоқсан оқиғасының куәгері ретінде сіз не айтар едіңіз? Желтоқсан оқиғасының тағы бір құрбаны Қ.Рысқұлбековтың өлімі туралы пікіріңіз.
Тарихшы: Осы әңгімені мен жалғастырсам. Лаззаттың ауылында дүрбелең болып жатқанда, «Ойбай, көрші ауылға тағы бір студенттің сүйегін алып келіпті» деген сыбыс қоса шығып, онсыз да үрпиісіп тұрған елдің күдігін күшейте түсті. Оның аты-жөні де белгісіз еді. Үш жылдан кейін ғана белгілі болды. Ол – Ербол Сыпатаев еді. Сонымен қатар Желтоқсан оқиғасының тағы бір құрбаны Сабира Мұхамеджанова. Ол да зорлықтың құрбаны болып кете берді.
3-оқушы: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға сот қандай үкім шығарды? Кейбіреулеріне тоқтала өтсеңіз.
Саясатшы: Мыңдаған адам жараланды. Көбісі жарақат алды. Жүздеген студент институттардан қуылды. «Желтоқсаншыларды» қуғындау бүкіл қыс бойы жалғасты. 99 адам сотталды. Олардың екеуі өлім жазасына кесілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін кесілді.
Тарихшы: Лаззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды. Сабитова Жансая Әлкейқызы бес жылға, Сыдықова Нағима Асқарқызы үш жылға сотталды. Бас аяғы жиырма ару қыз бас бостандығынан айырылды, әрқайсысы әр жылға. Екеуі еңбекпен түзеу жазасына тартылды, біреуі қара жұмысқа жіберілді.
4-оқушы: Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар түсірілді?
Сарапшы: Желтоқсанның ащы шындығын айтатын бірнеше деректі фильмдер түсірілді. Талғат Теменовтың режиссерлығымен «Қызғыш құс» атты фильм өмірге келді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар жастарға айтар тілегіңіз қандай?
Тілектер: 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні, 17 желтоқсан-Демократиялық жаңару күні деп аталып өтіп жүр. Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды ұмытпайық. Тәуелсіздік туын биік ұстап, алға баса берейік!
Арнау:
А.Владимирова:
М. Шаханов. Төрт жыл кешіккен шындық
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына деп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділесіз соққысынан құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным
Керең болып қалды ма екен неге менің құлағым
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттіңнәубет, дүлей маусымнан.
Жасап қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең.......
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
М.Шаханов атамыздың «Төрт жыл кешіккен шындық» өлең жолдарымен аяқтағанымыз жөн болады. Өлең жолдар оқылғаннан кейін: Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық тыныштықпен еске алынады.
Қорытынды: Желтоқсандық өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік сақталады.
Желтоқсан оқиғасы біздің еліміздегі дүние жүзіне мойындатқан күн. Тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаны - ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Алдағы келе жатқан тәуелсіз елдігіміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Мадина Оспан
Мен желтоқсандағы көтерілісті болдырмау керектігін айтқым келген .Өйткені жас Қыздар мен жігіттер құрбан болды
аркат
өте керемет