Куанишова Бахыт Сапаргелдиевна
Тақырыбы: «Ұстаздық – ұлы қызмет»
Мақсаты: ұстаздарды жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, өз кәсібіне деген ынтасын арттыру;
Мұғалімдердің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Көрнекілігі: топтастыру, сұрақ-жауап алу, жеке парақшалар
Барысы:
Сәлеметсіз бе, құрметті әріптестер! Тренингке қош келдіңіздер!
Тренингтің ережесі:
1. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
2. Белсенділік көрсетеміз;
3. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
4. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз.
Сәлемдесу жоралғысы. «Тілек ұшқыны»
Топта қалыпты жағдай қалыптастыру үшін жағымды климат тудыру. Қатысушы өз есімін атап, өзі ұнатқан тілек сөзін таңдап алады.
Пікірлесуге арналған сұрақтар:
Ұстаздық мамандығы әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы.
Түйіндеме. «Қазіргі мұғалім»
Жаттығу: «Жаңбыр»
Қатысушылар 4 жұпқа бөлінеді.
Тапсырмасы:
1-топ: Алақандарын ысқылау.
2-топ: Тізелерін алақандарымен соғу.
3-топ: Саусақтарын тырсылдату.
4-топ: Аяқтарының басын соғу.
Ең алдымен әрбір топқа аталған нұсқаулар беріледі. Содан кейін белгі бойынша кезекпен жасауды өтінеді. Жетекші әрбір топқа қимыл жасауға нұсқауды нақты береді. Ал қалған топтар тып-тыныш күйінде тыңдайды. 1-топтың жасаған қимылы бір қалыпты шыққаннан кейін, нұсқау 2-топқа беріледі. Осылайша кезекпен 3-топ, 4-топқа жалғасады. Белгі бойынша керісінше 4-топ, 3-топ, 2-топ, 1-топ жасайды. Кейін бәрі бір уақытта өз нұсқауларын жасайды.
- Жаттығу сендерге ұнады ма?
- Қандай көңіл-күйде болдыңдар?
- Ненің дыбысы естілді?
Тапсырма: «Музыкалық сыйлық»
Жетекші қатысушыларға дөңгелек қағаздарды (диаметрі 10-12 см) таратады. Біз бүгін өзіміздің шын көңілімізді білдіре отырып сыйлық жасаймыз. Бұл сыйлық жай емес, музыкалық сыйлық. Сендер қазір әдемі музыканы, әнді тыңдаңыздар, оны тыңдап, бұл әуен не туралы, оны естігенде қандай сурет салғыларың келетінін ойлаңдар.
(Көңілді әуен 20-25 секунд тыңдалады. Кім нені елестетті, соны салады. Аяқталған суреттер тақтаға ілінеді)
Бекіту. Жаттығу: «Майшам»
Жетекші майшамды жағып, сол жақтағы көршісіне ұсынады, жылы лебіз, тренингтен алған әсерін айтып, келесі қатысушыға береді.
Майшам айналып жүргізушіге келгенде: Майшамды алғаным, бұл жарық, жылу деген жақсы сезімді білдіреді. Сондықтан құрметті әріптестер алдарыңыз ашық, жарқын болсын тілекпен тренингті аяқтаймын.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі