Мақашева Нұрзия Сағындыққызы
Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы
Төле би атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Жеке тұлғаға қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері.
Мақсаты: Мектеп қабырғасында баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы ұлттық тәрбие негіздерін айқындау.
Міндеті:
Жоспары:
І. КІРІСПЕ БӨЛІМІ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлға – еліміздің ертеңі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгелері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті , даралығы, яғни оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Слайд
Жеке тұлға - қоғамның белсенді, саналы, мүшесі. Өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым - қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар қоғамдық сананы алып жүретін адам.
Ғалымдар жеке тұлғаның дамуына және қалыптастыруына әсер ететін негізгі факторларға; тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбиені жатқызады. Слайд
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анасынан берілетін биологиялық ұқсастығы.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қарым-қатынас.
Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі. Бұл жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол - баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Баланың жеке және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен дәрежесіне лайық тәрбиенің бүгінгі таңда бет алысы қандай?
Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдіске ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз бен білімді ұрпақ алып шығады. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.
ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».
Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін,
рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Бала бойына ұлттық тәрбиені сіңірудің көздері фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Слайд Сонымен бірге, отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.
Ұлттық тәрбие - қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, Отанын сүйетін патриот, ұлттық рухы биік парасатты азамат, жоғары адамгершілік иесі, еңбекқор болып өседі. Слайд
Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше. Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып тәрбиелейтін ұстаз. Сондықтан да ұстаз білімді де білікті болуы керек. М.Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе»-деген екен. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық.
Біздің Төле би атындағы орта мектеп те осы бағытта тынбай жұмыс атқаратын аудан бойынша беделі зор үлекен мектептердің бірі. Слайд
Мектепте жүзге тарта мұғалім қызмет істеп, мыңға тарта оқушы оқиды.
«Әр бала – жарық жұлдыз» - деген ұстанымды бетке алған ұстаздар қауымының, әр баланы ұлттық тәрбие негізінде тұлға ретінде қалыптастырып, дамытуға бағытталған жұмыстарын атап өтуге болады.
Жоғары сынып оқушыларыны арасныда өтетін «Қыз сыны», Слайд «Жігіт сұлтаны» байқаулары. Слайд Бастауыш сыныптарда «Кішкентай ханшайым», «Үйдің кенжесі – еркесі мен серкесі» Слайд сияқты баланың жеке дара қасиеттерін ашатын, ұлттық тәрбие негіздерін бойына сіңіретін шараларға жете көңіл бөлінеді.
Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектебімізде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. «Ал, қанеки әжелер», «Болашаққа бастаған АНА деген асқақ ән», «Ана көрген тон пішер», «Мен және менің отбасым», «Толағай» отбасылық сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Слайд Ата-ананы мектепке тек ата-аналар жиналысына шақырып қана қоймай, оларды әр түрлі сайыстарға қатыстыру арқылы мектеп өміріне белсене қатыстырамыз. Мұндай шаралардың ұлттық педагогика негізінде өтуіне ерекше назар аударамыз. Сонымен қатар ата-аналарға арналған ашық сабақтар, ойын-сауық кештері, тренингтер т.б. басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр ата-ананың мектепте болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылығы әр қалай. Соған қарамастан, ата-аналармен жүргізілген әңгіме - кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, отбасы тәрбиесінің маңызы, ұяда көргенінен өнеге алатындығы өне бойы сөз болды.
Осы тұрғыдан өз ұлтымыздың дана да дара тұлғалары туралы өткізілетін шаралар ұтымды шешім болып табылады. Мысалы, «Төле би – төбе би», «Ғасыр адамы» ғылыми конференцилар, тәрбие сағаттары, әр түрлі кештерді атап өтуге болады. Слайд Өйткені еліміз мақтан тұтар алып тұлғаларды танып білу, олардың тәрбиелік мәні зор сөздерін оқып-үйрену арқылы бала бойында өз ұлтына деген мақтаныш сезімдері оянып, ұлттық рух қалыптасады.
Биылдан бері әр айды бірінші жұмаснда «Рухани-имандылық күндері» аталынып өтеді. Мектепке бұл күндері ауылдың имамы, беделді азаматтары, ақсақалдар алқасының, әкелер кеңесінің мүшелері шақырылып ұлттық тәрбие дөңгелек үстелдер, пікір алысу кештері, тақырыптық әңгімелер өткізіліп отырады. Басты талқыланатын мәселелер ата-баба дәстүрі бойынша жастардың тәрбиеленуі, оқушылардың ұлтымызға жат қылықтары қарастырылады.
Мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы.
Иә, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында.
ІІ. Негізгі бөлімі: Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата-аналарға кеңес» деген бұрыштар бар.
«Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін» - атты ашық шара өтті. Бұл шарада балалар патриоттық сезімге тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды. Мектебімізде ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар мұғалімнің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. «Отбасы» тақырыбына байланысты «Отбасы - алтын ұям» атты ашық шара, ата-аналардың қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.
Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінде сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен» - дегендей халқымыз балалармен «Әдептілік - әдемілік» атты тәрбие сағаты да өткізілді.
Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.Сынып жетекшінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.[3,7]
ІІІ.Қорытынды
Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан.
Мұғалім, ұстаздардың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады.
Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
Әр адам өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз —Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет.
Қазір әлемдік жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай аумалы-төкпелі сындарлы кезеңде, ең бастысы, ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалуға тиіспіз. Ал ұлтжандылық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттер адам бойына, сайып келгенде, этнопедагогика арқылы сіңетіні ақиқат. Ондай болса, ұлт болашағына алаңдап жүрген жандар айтпақшы «білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуді» шынымен, мықтап қолға алу керек шығар.
Ұлттық инновация дегеніміз не өзі? Тарихқа үңілсек, біздің ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тек қазақтың ғана емес, адамзат баласының мәдениеті мен өркениетін дамытып, рухани кемелденулерде әрі генератор әрі қоғамды ізгілендірудің реформаторы болуға әбден лайық екендігін аңғару қиын емес. Бұл артықшылығымыз эстафета іспетті бабаларымыздан біздерге генетикалық жолмен беріліп келеді. Ал ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынамыз бен дүниетанымымызды өшіріп алмай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу бізге аманат. Енді сол өзге тамсанған, әлі де қызыға қарайтын құндылықтарымыздың негізін алып, қазіргі дамыған философия, психология және педагогика ғылымының жетістіктерімен толықтырсақ, нәтижесінде сөз болып отырғандай оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін алады екенбіз.
. Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу процесі кезінде де сөз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы, ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек.
Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы
Оның мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Ал міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.
Баяндама
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда
мектеп пен ата-ананың рөлі.
Жоспар
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар.
2. Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда
мектеп пен ата-ананың рөлі.
3. БАҚ және ұлттық тәрбие.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
1. Ұлттық құндылықтарды тасымалдаушы ретінде жеке
тұлғаны қалыптастырудағы білім мен тәрбие берудің рөлі.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген.
Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.
Сонымен , қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:
1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.
2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын»
тәрбиелеу.
3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным
арымның садағасы».
4. Жеті атсын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».
5. Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды.
Қазіргі кезде халықтық педагогика элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін ойындармен танысады. Оқушыларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен – біздің басты міндетіміз.
Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың «халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек» дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе дей келе мектебімізде ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткізіледі, атап айтсақ соның ішінде салт-дәстүрді дәріптеуде Наурыз мейрамы, Ораза Айт күндеріне байланысты имандылық тәрбиесі сынып сағаттарында өткізіліп тұрады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз.
Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».
Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.
Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Сонымен қорытындай келе, осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!
Қолданылған әдебиеттер:
1. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.
2. С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008 ж.
3. С.Әбішқызы, Ж.Сарманов. «БАҚ және Ұлттық тәрбие». 2004 ж.
4. М.С.Керімбаева. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі». Астана, 2008 ж.
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007 ж. /42-43 бет. 118-бет/. Алматы-/168 бет.C/
3. 4.Оразбекова.К. «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы хақында»-Алматы.2000. 543 /б.Б.31-38,58-70,90-94,218-220;С./
5. С.Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995 ж. /1.3.7.бет, 26бет/
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
9. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
16. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
17. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.
Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі
1. Жарықбаев Қ. «Психология негіздері» Алматы 2005 ж.
4. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика 2000 ж.
Гулназ
Сіздің арқаңызда өзіме керектіні алдым. Рахмет!
гулмира
рахмет. көп материал алдым