Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Тасты-Талды орта мектебі
Баяндамашы: Мухамажитов А.З.
тарих пәні мұғалімі
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына арналған курстан өткенге дейін мен алғашқы еңбек жылдарымда дәстүрлі оқыту бойынша оқытып келдім. Мектептегі алғашқы еңбек жылдарымда бойымда оқытуға, тарих пәнін оқытуға, тарихи оқиғаларды ауызша түсіндіруге барымды салдым. 30 – 35 минут тақырыпты бастан – аяқ түсіндірдім. Шаршамадым, оқушыларда риза, мен де ризамын. Келесі күні оқушылар сол айтқанымды қайталап айтып берді. Бірнеше жылдардан соң оқушылардан біріңғай бір-біріне ұқсас сабақтардан жалыққан түрлерін байқадым. Содан өзімше әдіс – тәсілдер іздеп, сабағымның кейбір құрылымдық кезеңдеріне бір өзгерістер еңгізу керектігін ойлана бастадым. Яғни, сабақтың үй тапстырмасын сұрау, сабақты бекіту кезеңдерінде қайтсем оқушыны қызықтыратындай, ойландыратындай етіп өткізсем деген ізденісті бастадым. Нәтижесінде мынандай әдіс – тәсілдер ойлап тапқандай болдым.
Мысалы: Жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты игергендіктерін тексеру үшін өтілген тақырыптың ішінен тақырыптың негізгі мазмұнын ашатын үш – төрт сөзді тақтаға жазып, сабақ барысында ұққандарынан толық сөйлем құрастыру.
Келесі әдіс «сыныптан шығу» деп аталады. Оқушыларға ұнайтын әдістердің бірі. 2 – 3 оқушы дәлізге шығарылады.
Тақтаға өтілген тақырыптың ішінен маңызды 4 – 5 деректерді жазып қоямын. Ал сыныптағы балалар «эксперт» болады. Дәліздегі оқушылар бір-бірден кіріп, әлгі деректерді айтып береді. «Эксперттер» дұрыс не бұрысын айтады.
Оқушының үйге берілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін, толық оқығандығын тексеру үшін мәтіннің басын, ортасын және аяғын қамтитын жазбаша сұрақтар дайындаймын. Сұрақтарды 3 топқа партаға бөліп қойып, оқушыларды кезекке қоямын. Оқушылар айналып келу арқылы бірінші кезегінде 1 топтағы сұраққа, екінші айналымында 2 топтың сұрақтарына, үшінші айналымында 3 топтың сұрақтарына жауап береді. Яғни, оқушы өз кезегі келген сайын тақырыпқа бойлап, тақырыпты қаншалықты меңгергендігін көрсетеді. Әр сұрақтың жауабы тақтада балл есебінде жазылып тұрады.
Бұл әдістің тиімділігі оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергендігін бірден анықтайсыз. Сонымен қатар, оқушылар қозғалысқа түседі. Ал балалар қозғалысты жақсы көреді. Бұл әдістер «шағын жинақты мектептерде» сабақ барысында қолдану тиімді деп ойлаймын.
Бұл әдістерім, егер әдіс деуге келсе кейбір әріптестерім үшін күлкілі болуыда, түсініксіз болуыда мүмкін. Өйткені педагогикалық – ғылыми тұрғыдан негізделмеген, сыналмаған және жүйесіз. Бірақ бұл менің ізденісімнің нәтижесі және оқушыларға да ұнайды.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын арнайы оқығанға дейін оқушылар айтты, мен түсіндірдім сабақ жалпы осылай өтетін. 20 – 30 минут үздіксіз сөйлеу, біріңғай сабақты мұғалімнің түсіндіруі балаларды жалықтыратынын, өзімді шаршататындығын байқай бастадым. Оқушылардың сабаққа ынтасы тек менің эмоционалды түсіндіруім мен мүмкін сөз саптауым мен жақсы түсіндіруші болуымның есебінен ғана жоғалған жоқ деп ойлаймын.
СТО курсынан өткен соң сабақ өткізуімде, сабақ жоспарымды құруды, сабағымды жоспарлауға өзгерістер енгіздім және ол өзгеріс оқушылардың бойындада анық байқалды. Осы курстан өткен соң сабақтарымда қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғаныс кезеңдерінде мына стартегияларды тұрақты қолдандым:
«Ой қозғау» стратегиясы, «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою», «Тыңдап отырған үштік» стратегиясы, «Дөңгелек үстел» стратегиясы, «Өзара оқыту» стратегиясы,«еркін жазу» стратегиясы,«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы, «Инсерт» стратегиясы, «Кең ауқымды лекция», «Түртіп алу», «Алдын ала берілген атаулар» стратегияларын .
Енді осы тәжірбиемде стратегияларды қалай қолданғаным жайлы айтып өтейін. «Ой қозғау» стратегиясыда оқушылардың қиялына еркіндік беретін сұрақтар қоятын болдым. Бұрын тек не білесің немесе белгілі бір оқиға қай жылы болды деген баланың ойын дамытпайтын қысқа ғана жауапты талап ететін сұрақтар қоюмен шектелетінмін. Енді осы курстан кейін өзімде ойлана отырып, оқушының ой – қиялын дамытуға, алдағы сабақты игеруге тікелей көмектесетін сұрақтарт қоятын болдым. Мысалы, 7 сыныптағы Қазақстан тарихында «Түркілердің рухани мәдениеті» тақырыбын өткенде «ой қозғау» сұрақтарында мынаны қойдым:
Қазіргі біз қолданып жүрген әріпіміз, жазуымызөзіміздікі ме? Басқанікі болса қайдан үйрендік?
Келесі қызығушылығын ояту кезеңінде «Термин арқылы болжау» стратегиясын қолдана отырып «Найман, керейіт, жалайырлар тақырыбында» тақтаға «8» санын жазып, осы санның бүгінгі тақырыпқа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар деп сұрадым.
«Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендері Қазақстанда бар ма ?
«Бүгінгі сабаққа Моңғолияның қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойғанда оқушылар түрлі – түрлі пікірлер айтты. Ал сабақ соңында қайсысының айтқан пікірі шындыққа жақын болды соны талдадық.
INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдістердің бірі екендігін байқадым. Оқушыларға бірнеше сабақта осы әдісті қолдануға үйреткен соң өз беттерінше тақырыпты игеріп қана қоймай, алғашқы білімдерін жаңа біліммен салыстыруды үйренді.
Мұғалімнің дайын білім бергеннен көрі өз бетінше игеруіне өте қолайлы тәсіл. Себебі, мәтінді оқып болғаннан кейінгі кезеңде балалар «INSERT» белгілері бойынша өз ойларын ортаға салады. Осы жерде бұрын белсенді емес оқушыда мәтінге инсерт белгілерін қою арқылы өзіндік білмін көрсетеді. Сол кезде кімнің қаншалықты сабақты түсінгені немесе нені білгісі келетіндігі анықталады да, оқушылар ойларын ортаға салғанда біреуінің білмегенін екіншісі түсіндіруге тырысады. Яғни ,біреуіне белгісіз мәлімет екіншісі үшін белгілі. Тек осы жерде мұғалім дұрыс бағыттап отырса болғаны.
«Түртіп алу» стратегиясы дәріс сабақтарда тиімді әдістердің бірі екендігін мынадан байқадым. Оқушы мәтін бөліктерін оқып отырған мұғалімді барынша тыңдауға тырысады, себебі кез - келген мезетте тоқтап не түртіп алғанын айтып беруді, сұраған мұғалімге жауап беру керектігін біледі.Яғни, бұл стратегия оқушыны тыңдай білуге, мәтіннің маңызды бөлігін түсінуге көмектеседі, еске сақтауға жетелейді.
«Тыңдап отырған үштік» стратегиясын мағынаны түсіну кезеңінде жиі қолдандым. Бұл стратегияны қолдану барысында оқушылардың бойынан мынандай өзгеріс байқалды «сөйлеуші», «тыңдаушы», «жазып алушы» рөлдерінде болған балалар рөлдерімен алмасқан сәтте жауапкершіліктерінің өзгеретіндігін әр рөлдің өз жауапкершілігі бар екендігін түсіне бастады және басқалардан да соны талап ете бастады. «Тыңдап отырған үштік» стратегиясы өзара оқытуда жақсы әдістердің бірі.
Дэвид Клустер «Мен сыни ойлауды дәстүрлі факторларды зерттеуге теңегім келмейді-сыни ойлауды фактілік білім ғана айқындамайды. Алайда оқытушы жұмысы тек сыни ойлауға үйретумен шектелмейді: біз шәкірттерімізді ең күрделі түсініктерді қабылдауға және есінде әртүрлі деректерді сақтауға үйретеміз».
«Ойлау мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» педагогикалық технологиясының маған ең ұнағаны бір сабақтың үш құрылымынан ғана тұруы және үш кезеңдеде оқушынының сыни ойлауын, ой – қиялының ұшқырлығын дамытатын түрлі стратегияларының болуы. Технологияның жалпы қолдануға қарапайымдылығы мен қолдануға жеңілдігі.
Бірақ кез– келген өзгеріске бейімделу алғашқы кезде қиынға соғатыны белгілі. Дәстүрлі білім беруге әбден төселген мұғалімнің белгілі соқпақтан жаңа жолға түсу кезінде сенімсіздік, жатырқау, дұрыс қабылдамау, тәжірбиеден өткізбей жатып жаңа тәсілге үрке қарау әріптестеріміздің арасында әліде басымырақ. Қазіргі мектептерде ҰБТ – ға дайындық бірінші орынға шығып кеткен уақытта балалардың сыни ойлауын дамыту емес, құрғақ фактілерді жаттатумен ғана айналысу, тест сұрақтарын меңгертуді ғана ойлау көп мұғалімдерді екі ұдай жағдайға қалдырып отыр. Менің және көптеген әріптестеріміздің басындағы жағдай осы технологияның стратегияларын қолданғанымызбен оқулық төңірегінен аса алмай жүрміз. Себебі, миымыздың бір шетінде ҰБТ тұрады. Ал сын тұрғысынан ойлау технологиясының және сындарлы оқыту бағдарламасының мақсаты «білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастыру. Көп ақпараттты қабылдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрету. Келешекте өз бетінше тиімді шешім қабылдай алатын, өмірдің барлық кедергісіне қарсы тұра алатын, құзіретті адам тәрбиелеу».
Сондада 2000 жылдардың басына қарағанда соңғы кездерде оқыту мен оқуда жаңашылдық, оқыту процесін жаңа педагогикалық, инновациялық технологиялар арқылы іске асыру тез қарқында енгізіліп жатыр. Қазір өтпелі кезең сияқты. Ескіден жаңаға көшу әрқашанда оңай әрі тез болмайды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі