Ақын – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ақын» атты Қадыр Мырза Әли жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4940
Ойға туыс,
Сезімге жақындарда
Кегің бар ма, тіршілік,
Ақың бар ма?!
О заман да бұ заман,
Қарап тұрсаң,
Бір тыныштық болмаған ақындарда!
Берілмейсің кей кезде қайдан мұңға!
Ауыр кезде тимесе пайдан мыңға?!
Күрес болса,
Қан кешкен соғыс болса,
Ортасында жүреді ол майданның да.
Отан сүйсең — ең мықты серт осында —
Халық үшін тынымсыз жортасың да.
Ақыр заман туғанда ел басына
От пен судың жүреді ол ортасында.
Жаның ашып әр қымбат,
Әр асылға,
Көре тұра ілімге барасың да.
Ақын жеген
Алғашқы таяқты да
Өтірік пен шындықтың арасында!
Ібіліске,
Сайтанға,
Әр мыстанға
Жолбарыс боп атылып жыр қысқанда,
Ақын алғаш болған да жарақатты,
Әділет пен қиянат қырқысқанда.
Құса-мұңды іштегі беріш деме.
Бәріне де төзеді құрыш дене.
Жүреді ылғи дуэльде атысып ол,
Секундант боп жүреді періштеге.
Түйін салып жүректе жыр пәлегі,
Жалындайды ақынның шырпы әлемі.
Тыныш тірлік басталса,
Іздеп жүріп
Өзі тауып алады бір пәлені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері