Өлең, жыр, ақындар

Жарқыратып шыққанда нұр маңдайын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2549
Жарқыратып шыққанда нұр маңдайын,
Қызығына әр күннің бір қанбаймын.
Көрінеді көктемде
Көз алдыңда
Күллі дүние теңселіп тұрғандайын!
Баяғы су,
Әрине. баяғы нан
Туған күннің сиқырлы таяғынан.
Мынау шарап ауадан жұтып алып,
Бала жігіт әрең тұр аяғынан!
Бұл кездерде кәрің де,
Жасың да ояу.
Басталады кірпігін,
Қасын бояу.
Бұтақтардан,
Гүлдердің сабағынан
Жер атқылап жатады жасыл бояу.
Жайлау толған құлынға,
Жабағыға,
Жұлдыз қонған аспанның қабағына.
Бүтіндей бір оркестр сыйып кеткен
Бармақтай-ақ бұлбұлдың тамағына.
О, жеңеше!
Не дейді аңғал қайның?!
Жүгін тасып бітірген һамбалдаймын.
Адам түгіл,
Тасқа да қанат бітіп,
Ұшып жүрсе,
Мен қазір таң қалмаймын!
Терек түгіл,
Көктеген бағандары
Бұл көктемнің ауасы маған дәрі.
Тебірене қарайды
Теміржанды
Техникалық ғасырдың адамдары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқыратып шыққанда нұр маңдайын өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жарқыратып шыққанда нұр маңдайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жарқыратып шыққанда нұр маңдайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарқыратып шыққанда нұр маңдайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері