Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6271
Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң
Сақта мені өсектен,
Балағаттан!
Татулықтың бәрі де түсінуден,
Тыныштықтың бәрі де қанағаттан.
Мен кепілмін бұл сөзді қостарыңа,
Жақсылығын тұздық қып тостарыңа.
Бірде қылтың етсе де,
Бірде сылтың,
Дос жетпейді деп ойла достарыма.
Бар қызығы адамның ас қана ма?!
Жоқ па сонша киімнен басқа нала?!
Жар жетпейді деп ойла әйеліме,
Үй жетпейді деп ойла баспанаңа.
Өмір емес кемсінер,
Қомсынарың,
Әр уақытта төрешің болсын арың.
Шықпай жатса көңілден
Шықпай жатсын,
Керемет бір жандар де қоңсыларым.
Адаммын де күймеген,
Алданбаған.
Жөн ешкімнің пікірін малданбаған.
Кемдеу болса кем болсын,
Шүкірлік қыл
Лайық де өзіме алған бағам!
Құламасын әйтеуір бәйтерегің.
Қолдан келсе,
Сүңгіп көр ой тереңін.
Шүкір дегін бәріне,
Шүкір дегін.
Жаман болса бұдан да
Қайтер едің?!
Кейбір сәтте жаба сал сезім көзін.
Ең бастысы өмірде —
Төзім!
Төзім!
Көңіл тоя бере ме,
О, бауырым,
Алдарқата білмесең өзіңді-өзің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері