Сиқырланба алдымда – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Сиқырланба алдымда» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2211
Сиқырланба алдымда
Аулақ менен сұлулар.
Мені күткен ауылымда
Сүйіктім бар, жарым бар.
Жүрек отын сол алған
Сақтап отыр ол үйде.
Жақындама сен маған
Мен оныкі, сен тиме.
Соның оты жанымда,
Жүрегім жоқ суынар.
Сиқырланба алдымда
Аулақ менен сұлулар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері