Отыздан асып барамын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.
Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытым тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Аттанған ата-ананың
Артынан қуып барамын.
Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.
Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.


Пікірлер (12)

Қалдықыз

Махаббатты керемет жырлаған

Сева

;( отыздан асып барамын оленi маган катты унайды

Ануар

Бұл кісідей ақын жоқ болмайтында шығар

сымбат

керемет осы маган унайды Айкын да керемет айтады кушшшшты

Бекзат

керемет

Еркин

Әнін жазған кім екен?

Нұрлыбеков Мақсат

Керемет өлең менің өміріме қатты ұқсайды екен

Тұрсынбай Бекзат

Өте керемет

Иттің баласы маманың айтуы бойынша

Супер

Айнура

Қызық әрі жеңіл екен

Инабат Тараз Жамбыл Қаракемер 2025 1ақпан

Әніне үйреніп қаппыз наны айту қиын әні еске түседі????????????

Зейін

Ойландыратын өлеңге билеген қайран надандық!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отыздан асып барамын өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Отыздан асып барамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Отыздан асып барамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отыздан асып барамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері