Әттең, шіркін қыздар-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әттең, шіркін қыздар-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4083
Айналайын көзіңнен, бота көзім,
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.

Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.

Ұстатпайды жылқыда қара бедеу,
Сусыз жерге көп шығар елеу-селеу, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Қош есен бол дегенің о да медеу, алгідіг-ай.

Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері